Білім ордасы есігін бүлдіршіндерге айқара ашты » «Маяковский атындағы орта мектебі» КММ
Абай облысы білім басқармасының
Жарма ауданы білім бөлімінің
"Маяковский атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
8-723-47-65354
Есепші бөлімі:
8-723-47-65809
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Білім ордасы есігін бүлдіршіндерге айқара ашты
01
сентябрь
2020

Білім ордасы есігін бүлдіршіндерге айқара ашты

Білім ордасы есігін бүлдіршіндерге айқара ашты


2020-2021 оқу жылы ерекше басталды. Елімізде етек жайған пандемия жағдайында  білімге құштар бүлдіршіндерге білім ордасы тағы да құшағын айқара ашты. 

«Саналы ұрпақ-жарқын болашақ» ұранымен басталған Білім күніне орайластыра  Конституцияның 25 жылдығы, Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына және денсаулық тақырыптарында арналған тәрбие сағаттары да өз кезегімен өткізіліп, ата-аналарды, оқушыларды бір қуантты. Қашықтан өткізілген «Ата Заңым-азат елдің айбыны» атты 7 «А» «Жас Сарбаз» сыныбынғы тәрбие сағатына аудандық білім бөлімінің бас маманы  Г.Т.Садыкова қатысып, оқушыларды жаңа оқу жылымен құттықтады. 

 Сонымен Білім күні 1-4 сыныптарда мектеп қабырғасында ал, 5-11 сыныптар қашықтық оқыту  режімде өз жұмыстарын бастап та кетті. Білек түріп, жұмысқа жұмылдырылған педагогикалық ұжым тың күш, жаңа идеялар бастамасымен жұмысқа белсене кірісті.  

Мектеп директоры және «Маяковский атынды орта мектебі» КММ-і н бітірген түлектеріміз  мектеп табалдырығын аттаған бүлдіршіндерді және олардың ата-аналарын, барлық оқушыларды оқу жылының басталуымен құттықтап, жылы лебіздерін видеотүсірілім арқылы білдірді.

Жаңа оқу жылында ұстаздар қауымына табандылық пен  шығармашылық табыс тілесек, оқушыларға дарынды деген атқа лайық, биктен көрінетін білім иегерлері болыңдар дей келе,  бүлдіршіндерге алар асуларың көп болсын, сәттілік дегіміз келеді. 

Біз барлық сақтақ шараларын сақтай отырып, жұмыс жасаймыз және жұмыстың нәтижесі оң болатынына сенім білдіреміз!

Қош келдіңіздер!