Білім ордасында Отбасы мерекесі аталып өтілді... » «Маяковский атындағы орта мектебі» КММ
Абай облысы білім басқармасының
Жарма ауданы білім бөлімінің
"Маяковский атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
8-723-47-65354
Есепші бөлімі:
8-723-47-65809
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Білім ордасында Отбасы мерекесі аталып өтілді...
14
сентябрь
2020

Білім ордасында Отбасы мерекесі аталып өтілді...

Қыркүйектің екінші жексенбісіне тұспа-тұс келеген Отбасы мерекесін атап өтуде уақытша келеңсіздік  тұсау бола алмады.   Адам өмірінің тамаша жақтары жүзеге асатын... адамның ең басты шаттығы болып саналатын балалардың өсіп, өмір сүретін орны-отбасы болғандықтан,   Маяковский атындағы орта мектептің   ұжымы мерекені атап өтуді  «Біз біргеміз!» ұранымен бастады. Жұмыла жұдырық бола білген  әр отбасы   өздерін  жан-жақты екендіктерін тағы бір мәрте дәлелдей білді десек қателеспейміз.  Арнайы мерекені атап өтуге жасалған жоспар бойынша  сыныптар  берілген   тапсырмаларды орындауға құлшына кірісіп, бұл орайда  оқшылардың ата-аналары да іс-шарадан тыс қалмады. 1-2 сынып бүліршіндерінің «Менің бақытты отбасым» тақырыбында  салынған суреттерінде  бала ойынан шыққан   бақытқа толы   балалық  шақтары  бейнелесе, 3-4 сынып оқушылары тарапынан отбасымен бірге түскен «Шынай бақыт-отбасы бақыты»    фотосуреттері  көпшілік  назарына ұсынылды.  2-11 сыныптарда «Отбасы-бақыт мекені», «Бақытты жанұя-бақытты ел», «Отбасы –Отанымыздың ошағы» тақырыптарында  тәрбие сағаттары өткізіліп,  оқушылардың, олардың ата-аналарының  жүрекжарды ойлары ортаға салынды. 7-9 сынып оқушыларының   жасаған видеороликтерінен  адамның жеке тұлға болып ер жетіп өсуі мен адамгершілік қасиеттерді бойына сіңіруі жанұяда қалыптасатынына куә болдық.  Мектеп  психологтері   И.Т.Тагиева, М.М.Ибраимовалар   8-11 сынып оқушыларымен қашықтан «Менің отбасым- менің тірегім» атты  сауалнама жүргізіп, сауалнама нәтижесі ұл-қыздарымыздың бойына ар-ұят, адамгершілік, инабаттылық, сүйіспеншілік, береке-бірлік, жанашырлық және т.с.с. асыл қасиеттерді  бойына дарытатын имандылықтан бастау алған берекелі отбасының зор әсері баршылық екеніне көз жеткізді. 

Мектеп психологі И.Т.Тагиева  7  орыс сыныбының (сынып жетекшісі Кабдуалиева Г.К) оқушылары және ата-аналарымен   өткен  «Счастье рождается в семье» атты отбасы марафоны – мерекенің қорытындысы бола білді.  Қолайлы орта жағдайын туғызудан басталған бұл іс-шара марафонға қатысушылардың барлығын көтеріңкі көңіл силап, әрбір ата-ана  шынайы отбасының  осындай бірлігі жарасқан орта, бала тәрбиесіндегі басты ұжымы екенін ұғынды.   Сөз алған әр ата-ана отбасындағы құндылықтарымен бөлісіп, Отбасының басты мақсаты мен темірқазығы – бала тәрбиесі , ал, жанұя тәрбиесі – тәрбие алудың негізгі іргетасы екенін атап өтті. Марафонға  балалардың дайындауымен отбасылық видеороликтер ұсынылып, артынша отбасылық 5 ән орындалды. Сондай-ақ, ата-аналарға арналып отбасылық салт-дәстүрлер мысалындағы жаднама да назардан тыс қалмады. 

Сөз соңында айтарымыз, «Отбасы – ғажап табиғаттың сыйы, тіршілік тірегі» ендеше, қазығы мен діңгегі мықты Отбасы әрқайсысымыздың  еншімізге бұйыртсын, өйткені Отбасы-адамзат баласының дүниеге шыр етіп келгенде, есігін айқара ашып енетін үйі, өсіп ержететін, тәрбие алатын аса қажетті, әрі қасиетті алтын бесігі демекпіз. 

Отбасы мерекесі барлығымызға құтты болсын!