Бірыңғай жалпыреспубликалық ата-аналар жиналысы » «Маяковский атындағы орта мектебі» КММ
Абай облысы білім басқармасының
Жарма ауданы білім бөлімінің
"Маяковский атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
8-723-47-65354
Есепші бөлімі:
8-723-47-65809
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Бірыңғай жалпыреспубликалық ата-аналар жиналысы
17
сентябрь
2020

Бірыңғай жалпыреспубликалық ата-аналар жиналысы

17 қыркүйек күні «Маяковский атындағы орта мектебі» КММ-де  «Қашықтан оқыту кезінде балаға қалай көмектесуге болады?»  атты бірыңғай жалпыреспубликалық ата-аналар жиналысы өткізілді.

Мақсаты: коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеуге байланысты карантиндік шаралар жағдайында жаңа 2020-2021 оқу жылындағы оқытудың ерекшеліктері туралы ата-аналардың (балалардың заңда өкілдерін) хабардар ету болды.

1-11 сынып ата-аналарының ZOOM  платформасында қашықтан бастарын  қосқан бұл жиында пандемия жағдайындағы оқу мен оқытудың жаңа мазмұны түсіндіріліп,  баланың Online Mektep платформасымен оқыудағы  сабақ ерекшеліктері айтылды. Сонымен қатар, кезекші сыныптар жұмыстары,   қашықтан оқыту ережелері, қажетті құрлығылар, баланың сабақ қарау орны, үйге берілетін тапсырма көлемі,  қауіпсіздік ережелері, сабақ арасындағы үзілістер,  бала мен ата-аналар қарым-қатынасы, психологиялық жағдаяттар, қашықтан оқу кезіндегі ата-аналарға  арналған жаднама да назардан тыс қалмады.  

Ұстаздарының айтқан әрбір сөзіне көңіл бөліп, баланың болашағы, білімі алаңдатқан ата-аналарымыздың    қысылтаяң заман туғандағы «бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып» қолдау көрсетулері бізді бір қуантып тастады.