Кәмілетке толмағандар арасында суицидтік көріністердің алдын алу және «Киберқадағалау», «Кибербуллинг» ақпарттық жүйесін кеңейту бойынша отырыс өткізілді » «Маяковский атындағы орта мектебі» КММ
Абай облысы білім басқармасының
Жарма ауданы білім бөлімінің
"Маяковский атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
8-723-47-65354
Есепші бөлімі:
8-723-47-65809
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Кәмілетке толмағандар арасында суицидтік көріністердің алдын алу және «Киберқадағалау», «Кибербуллинг» ақпарттық жүйесін кеңейту бойынша отырыс өткізілді
19
октябрь
2020

Кәмілетке толмағандар арасында суицидтік көріністердің алдын алу және «Киберқадағалау», «Кибербуллинг» ақпарттық жүйесін кеңейту бойынша отырыс өткізілді

Қазан айының 17-ші жұлдызында «Маяковский атындағы орта мектебі» КММ – де мектептің ұстаздары және сынып жетекшілердің бірлескен қашықтан онлайн отырысы өткізілді. Күн тәртібіндегі қаралатын мәселелер бойынша алғы сөзді  мектеп директоры Н.М.Садыкова алып, ҚР білім және ғылым министрлігінің балалардың құқықтарын қорғау комитетінен келген №6258 кіріс хатымен таныстырып өтті. Өз сөзінде қазіргі таңдағы  басты мәселелердің біріне айналып отырған кәмелетке жасы толмағандар арасындағы суицидтік көріністердің алдын алу мен «Киберқадағалау» бойынша қысқаша мағлұмат берді. Сынып жетекшілер тарапына сынып оқушыларына бақылау жасау, күнделікті оқушының тыныс-тіршілігімен таныс болуға шақырды. Оқушылар арасында интернет желісіндегі тыйым салынған бөгде сайттарға кіру, көруге болмайтын видеотүсірілімдерді қарау сияқты мәселелерде бүгінде бізді алаңдатуда деді өз сөзінде. Сондай-ақ, жасөспірімдер арасында, оларға қолдау көрсеткен ата-аналардың бірлескен «Тik-tok» түсірілімдері көбейіп кетті. Айта кететін жайт, түсірілімдердің барлығы бірдей жағымды  жақтарынан ғана емес, кейде балалардың өрескел жағдаяттарды түсірулері де алаңдатып отыр. Осы себебті, сынып жетекшілер ,ата-аналарға түсіндіру жұмыстарын жүргізу, баланың бос уақытында немен айналысатынын және қандай желілілерде отыратынын басты назарға ұстауды жеткізуді айтты.  

«Кибербуллинг» бойынша мектеп психологі И.Т.Тагиева  өз баяндамасында толыққанды түсіндіріп өтіп,  ұжымдастарын  оқушы тәрбиесіне өте мұқият болуға шақырды.  

Отырыс соңында барлық сыныптарда жоғарыда айтылған мәселелер бойынша ата-аналар, оқушылар арасында тақырыптық жиналыстар өткізіп, өзекті қиындықтардан шығар жолды бірлесе табу ұсынылды.