Республикалық семинар болып өтті » «Маяковский атындағы орта мектебі» КММ
Абай облысы білім басқармасының
Жарма ауданы білім бөлімінің
"Маяковский атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
8-723-47-65354
Есепші бөлімі:
8-723-47-65809
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Республикалық семинар болып өтті
06
ноябрь
2020

Республикалық семинар болып өтті

Қараша айының 6-інші жұлдызында «Бөбек» ҰҒПББСО Адамның үйлесімді даму институтының ұйымдастыруымен «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасын оқу-тәрбие үдерісінде интеграциялау» пилоттық жобасының нәтижелері: тәжірибе мен даму мүмкіндіктері» тақырыбындағы Республикалық семинар болып өтті. Семинарда   ата-ана ретінде  мектебіміздің қорғанышылық кеңесінің төрайымы  Ж.Т Садыкова «Если вы хотите осчастливить весь мир, идите домой и любите свою семью» атты баяндамасымен сөз сөйлесе, «Обучение наукам через призму общечеловеческих ценностей» атты баяндамасымен мектебімізідің   орыс тілі және әдебиеті мұғалімі Г.Қ.Кабдуалиева сөз алып, кіріктірілген сабақтардың зор мүмкіншіліктерін атап өтті.   ««Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасындағы  ата-аналармен жұмыс түрлері» атты баяндамамен мектебіміздің тәрбие ісі-жөніндегі орынбасары А.С.Ахметкаримова сөз алып, соңғы үш жыл ішінде ата-аналармен атқарылған тәрбие жұмыстарының желісімен таныстырып өтіп, 5 құндылықтың маңыздылығы  бойынша атқарылған жұмыстардың оң  нәтижелі тұстары ұсынылды.

Осындай танымдық әсері мол, үйрететіні көп семинар ұйымдастырушыларына алғысымыз шексіз дегіміз  келеді.