Жалпы ата-аналар жиналысы өткізілді » «Маяковский атындағы орта мектебі» КММ
Абай облысы білім басқармасының
Жарма ауданы білім бөлімінің
"Маяковский атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
8-723-47-65354
Есепші бөлімі:
8-723-47-65809
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Жалпы ата-аналар жиналысы өткізілді
28
август
2020

Жалпы ата-аналар жиналысы өткізілді

28.08.2020 ж. күні  жаңа 2020-2021 оқу жылындағы ерекшеліктер, өзгерістермен таныстыру барысында 1-11 сыныптың басын қосқан жалпы ата-аналар жиналысы болып өтті. Жиналыстың күн тәртібінде ата-аналарға жалпылама коронавирустық инфекцияның таралуына байланысты шектеу шаралары кезеңінде білім беру ұйымдарында оқу процесін ұйымдастырудағы 2020-2021 оқу жылындағы ерекшеліктер (№345 бұйрық, 13.08.2020 ж.) бұйрығымен және «Білім беру обьектілеріне қойылатын снитарлық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидалардың орындалуы бойынша (№611 28.08.2020 ж. №ҚР ДСМ-98/2020) мағлұмат берілді. 

Осы орайда 1-4 «кезекші» сыныптардағы оқудың ұйымдастырылуы мен 5-11 сыныптардағы оқытудың «қашықтан» ұйымдастырылуы бойынша сөз қозғалып, «Online Mektep» оқу платформасының тиімділігі түсіндірілді.

Мектеп медбикесі Г.Н.Шалхарова өз кезегінде коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеудегі мектептерге қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың қатаң орындалатыны жайлы айтып өтті. Ата-аналар өз тараптарынан  қиын-қыстау кезеңде қолдау білдіретіндерін айтып, түсіністіктерін танытты. Жиналыс соңында WhatsApp желісі арқылы әр сыныптың ата-анасына қауіпсіздік шаралары туралы жаднамалар таратылды.