Мектепішілік жалпы ата-аналар жиналысы » «Маяковский атындағы орта мектебі» КММ
Абай облысы білім басқармасының
Жарма ауданы білім бөлімінің
"Маяковский атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
8-723-47-65354
Есепші бөлімі:
8-723-47-65809
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Мектепішілік жалпы ата-аналар жиналысы
04
ноябрь
2020

Мектепішілік жалпы ата-аналар жиналысы

Қараша айының 4-інші жұлдызында «Маяковский атындағы орта мектебі» КММ-нің ата-аналарының басын қосқан онлайн ата-аналар жиналысы болып өтті. Жиналыстың күн тәртібінде 2020-2021 оқу жылының І-тоқсан бойынша қорытындысы тыңдалып, күзгі демалыс  кезеңін тиімді  ұйымдастыру және 04.11.2020 жылғы №63 бұйрық коронавирустық инфекцияның таралуына байланысты шектеу шараларын сақтау мен ақпарттық-түсіндіру жұмыстарын күшейту туралы ақпарат берілді. 

Ата-аналарға І-тоқсан бойынша білім сапасы мен оқушылардың оқу үлгерімдері туралы ауқымды мағлұматты  директордың оқу ісі-жөніндегі орынбасары С.С.Мурсалимова   айтып өтті. И.С.Сагимбаевтың тарапынан еліміздегі коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу, шектеу шараларының дұрыс жолға қойылуымен қатар  күзгі демалыс уақытындағы бала қауіпсіздігі, демалыс уақытын тиімді пайдалану  жайлы   сөз қозғалды. Ата-аналар өз кезегінде берілген мағлұматтарға ден қоя отырып, алдағы уақыттағы жеке бас қауіпсіздігінің қатаң сақталуы туралы  ой түйіндеді.      

Жиналыс соңында WhatsApp желісі арқылы әр сыныптың ата-анасына қауіпсіздік шаралары туралы жаднамалар таратылды.