«Менің Отаным Қазақстан» тақырыбында ашық сабақ өткізілді » «Маяковский атындағы орта мектебі» КММ
Абай облысы білім басқармасының
Жарма ауданы білім бөлімінің
"Маяковский атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
8-723-47-65354
Есепші бөлімі:
8-723-47-65809
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » «Менің Отаным Қазақстан» тақырыбында ашық сабақ өткізілді
23
ноябрь
2020

«Менің Отаным Қазақстан» тақырыбында ашық сабақ өткізілді

6 «А» сыныбында Алғашқы әскери дайындық сабағынан «Менің Отаным Қазақстан» тақырыбында ашық сабақ өткізілді. 

Мақсаты: Отаны туралы білімдерін кеңейту. Тәуелсіз, бейбіт ел туралы ұғым қалыптастыру. Кең-байтақ жеріміз, пайдалы қазбаларымыз жөнінде ұғымдарын қалыптастыру. Еліміздің рәміздерін қастерлей білуге үйрету. Отанын, туған жерін қорғай білуге, ұлтжандылыққа, атамекенін көздің қарашығындай сақтай білуге жетелеу.

Ата Заңымызды қадірлеуге, туған еліне, жеріне деген   сүйіспеншілікке тәрбиелеу. Отансүйгіштікке баулып, патриоттық тәрбие беру. Туған еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттырып, махаббат сезімін ояту.Оқушыларды достыққа, адамгершілікке,  елінің мұрасын жалғастырушы азамат болуға тәрбиелеу.

Бауыржан Момышұлының 110-жыл толуына байланысты, Жас Сарбаздарға екінші дүниежүзілік соғыстың даңқты жауынгері Бауыржан Момышұлын оқушыларға мағұлматтар бере отырып, оқушыларды өткен тарихымызға құрметпен қарауға, ұқыптылыққа, шыдамдылыққа, үлкенді сыйлауға тәрбиелеу, сөйлеу мәдениетіне тәрбиелеу.

Ашық сабаққа қатысқан: Қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің жасақтау тобының  бастығы майор Саябаев Меирхат Муратказинович.

Жасақтау тобының инспекторы ( әскери даярлық, әскерден тыс жұмыс, бастапқы әскери даярлық және әскери -техникалық мектептер жөніндегі) қызметкер Асанова Нургуль Айткалиевна.

Сабақты өткізген :  Есмұратов Арман Қажымұратұлы