23 қараша –Жалпыадамзаттық құндылықтар күні » «Маяковский атындағы орта мектебі» КММ
Абай облысы білім басқармасының
Жарма ауданы білім бөлімінің
"Маяковский атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
8-723-47-65354
Есепші бөлімі:
8-723-47-65809
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » 23 қараша –Жалпыадамзаттық құндылықтар күні
23
ноябрь
2020

23 қараша –Жалпыадамзаттық құндылықтар күні

«Маяковский атындағы орта мектебі» КММ-де 23 қараша –Жалпыадамзаттық  құндылықтар күнін аталып өтті. Өзін-өзі тану сағатының мақсаты мен міндеті- «бақытты өмір» ұғымының мән-мағынасын ашу арқылы оқушылардың жалпыадамзаттық құндылықтар туралы түсініктерін тереңдету болды.  Бұл күн қазақстандық ұстаздар, оқушылар мен олардың ата-аналары үшін мектеп өмірінде дәстүрге айналып отыр десек қателеспейміз. Құндылықтар идеясы «Бөбек» қорының құрлытайшысы және президенті, белгілі қоғам қайраткері С.А. Назарбаеваның «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік  білім беру бағдарламасының өзегі болып табылады.

Ақиқат, дұрыс әрекет, ішкі тыныштық, сүйіспеншілік, қиянат жасамау сияқта құндылықтарды оқушы бойына дарыту, қазіргі таңдағы басты мақсатқа айналып отыр. Атаулы күнді атап өтуде әр сыныпта «Өзін-өзі тану» сағаттары өтіп, таным мен тағлымы мол дереккөздер беріліп, оқушылар мен ата-аналар тарапынан рухани-адамгершілік мазмұндағы тың ойлары ортаға салынды. Сонымен қатар, оқушылардың шығармашылық іс-әрекеттері- коллаждар жасау, тақырыптық суреттер салу, шағын өлеңдер шығару, бір-біріне жылы лебізді жақсы тілектер жазу, әнді топпен орындау сағаттан тыс қалмады. 

Бала өзіндік бір бақытты әлем. Баланың бақытты болуы ұйқысының тыныш , күлкісінің сыңғыр шығуы еліміздің амандығында , аспанымыздың ашықтығында және рухани-адамгершіліктілігінде. Осындай бейбіт заманда рухы биік, шынайы адамгершілігі қалыптасқан ұрпақ тәрбиесін ұлықтау-қазіргі таңның талабы болып отырғаны бізді қуантады.