«IQANAT» сынып сағаты өткізілді » «Маяковский атындағы орта мектебі» КММ
Абай облысы білім басқармасының
Жарма ауданы білім бөлімінің
"Маяковский атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
8-723-47-65354
Есепші бөлімі:
8-723-47-65809
Нашар көрушілер
нұсқасы
25
ноябрь
2020

«IQANAT» сынып сағаты өткізілді

25 қараша күні 8 сынып оқушыларына арналған «IQANAT» сынып сағаты өткізілді. Бұл сынып сағатында оқушыларға жалпы олимпиада туралы түсінік берілді. Олимпиадаға қатыса алатын оқушылар және олимпиадаға тіркелудің жолдары, олимпиаданың ерекшелігі, тапсырмалар форматы және олимпиада жеңімпаздарына берілетін мүмкіндіктер туралы мәлімет берілді. Олимпиадаға ауыл мектептерінің 8  сынып оқушылары қатыса алады, оқушылардың үлгеріміне қарамастан қатысу тегін және тіркелу ашық. Олимпиада негізінен 3 кезеңнен тұратын тапсырмалармен қамтылған. Олимпиадаға тіркелу арнайы ресми сайтта жүзеге асырылады. Олимпиада жеңімпаздары:  IQHSB мектебіне қабылдау, ҰБТ-ға «Достық» платформасында тегін дайындық жүргізу, ағылшын тілін жетілдірудің қашықтық дайындығынан өту, мамандық пен ЖОО таңдау сияқты  тиімді мүмкіндіктер берілген. Бұл туралы оқушылар толық мәлімет алып, қызығушылықтары оянды. «IQANAT» олимпиадасына қатысу оқушыларға берілген тамаша мүмкіндіктердің бірі екенін түсінді.