Мамандық таңдау – тағдырыңды таңдау » «Маяковский атындағы орта мектебі» КММ
Абай облысы білім басқармасының
Жарма ауданы білім бөлімінің
"Маяковский атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
8-723-47-65354
Есепші бөлімі:
8-723-47-65809
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Мамандық таңдау – тағдырыңды таңдау
10
декабрь
2020

Мамандық таңдау – тағдырыңды таңдау

«Маяковский атындағы орта мектебі» КММ-нің 11сынып  оқушыларымен мамандық таңдау тақырыбында қашықтан бетпе-бет кездесу болып өтті. Кездесуге мұрындық болған Шығыс Қазақстан облысы кәсіпкерлер палатасының Жарма аудандық филиалы «Атамекен»  ұлттық палатасының директоры  Д.Б. Мухаев және жас кәсіпкер Қ.К.Садуовтардың қонақ ретінде қатысулары еді.

       «Мамандық таңдау деген-өзің айналысқың келетін жұмысты таңдау ғана емес, өзің араласқың келетін ортаны да таңдау»,- деп сөзін  бастаған Д.Б.Мухаев жетістікке жетудің  сан жолдары, кәсіпкерлік қолдау бойынша мемлекеттік бағдарламалар туралы айтып өтсе, жеке кәсіпкер Қ.К.Садуов «Бизнес және кәсіпкерлік негіздері» жобасы аясында өзінің жарнама саласындағы кәсіпкерлік тәжірибесімен бөлісті. Оқушы ойындағы  сұрақтар да назардан тыс қалған жоқ. 

Мектеп директоры Н.М.Садыкова: «Алға талпыну-тыныштықты жоғалту, бір орында қалып қою - өзіңді жоғалту. Ең бастысы-сенім. Алға қойған мақсаттарға жету, сол мақсаттарың болашақта өзің үшін, елің үшін еңбек етсе, одан асқан арман жоқ деп ойлаймын. Дұрыс мамандықты таңдау-болашақты тағдырыңды таңдағаның.»,-деп кездесуді аяқтады.