«Кітапқа екінші өмір сыйла» атты қайырымдылық акциясы » «Маяковский атындағы орта мектебі» КММ
Абай облысы білім басқармасының
Жарма ауданы білім бөлімінің
"Маяковский атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
8-723-47-65354
Есепші бөлімі:
8-723-47-65809
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » «Кітапқа екінші өмір сыйла» атты қайырымдылық акциясы
18
январь
2021

«Кітапқа екінші өмір сыйла» атты қайырымдылық акциясы

Кітап – адам өмірінде маңызды роль атқарады. Ол елді, жерді сүюге талапты, кішіпейіл болуға, мейрімділікке, төзімділікке баулиды. Кітапты біздің қоғамымыздың әрбір адамы күнделікті пайдаланады. Одан ақыл - кеңес, тәлім-тәрбие, үлгі - өнеге алады. Кітап – біздің рухани жан азығымыз.

2020 жылдың 16 желтоқсаннан – 2021 жылдың 16 қаңтарына дейін «Маяковский атындағы орта мектебі» КММ «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында «Кітапқа екінші өмір сыйла» атты қайырымдылық акциясын жариялады. Акцияға оқушылар, ұстаздар, ата-аналар, кәсіпкерлер, мектеп түлектері қатысып, буккроссинг барысында көптеген (123 дана) қызықты анықтамалықтар, энциклопедиялар, балалар және көркем әдебиеттер кітапхана қорын толықтырды. Атап айтатын болсақ ауданымыздың жеке кәсіпкері Разиева Д.Б., мектеп түлегі және ата – анамыз Толенгутова М.Н., мектеп ұстаздары Сапарьянов Т.Т., Квач М.М.,  Даниярова А.Н., Тайманова А.В., Кабдуалиева Г.К., Букенбаева А.К., Айткенова Н.Д. және Данияров Айқын мен Жарқын 7 сынып оқушылары.

Акцияға атсалысқан оқушыларға, ұстаздарға, ата-аналарға, кәсіпкерлерге алғысымыз шексіз.