Мектеп оқушыларымен кездесу өтті » «Маяковский атындағы орта мектебі» КММ
Абай облысы білім басқармасының
Жарма ауданы білім бөлімінің
"Маяковский атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
8-723-47-65354
Есепші бөлімі:
8-723-47-65809
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Мектеп оқушыларымен кездесу өтті
11
февраль
2021

Мектеп оқушыларымен кездесу өтті

Адамның айналасындағы адамдарға танылатын тамаша қыры да қаншалықты қайырымды екендігінен байқалады демекші, жас ұрпақтың болашағына алаңдатушылықпен өзінің өмір жолынан салмақты мысалдар келтіре отырып, жоғары сынып оқушыларымен  сыр бөліскен «Шалабай» ЖШС директоры  Куаныш Серикказинович Сулейменов мектеп оқушыларымен   кездесуінен кейін, мектебімізге тамаша сый тарту етті. 

Қазақта кітап – асыл қазына, баға жетпес байлық деп бекер айтпаған. Мектебіміздің кітапханасы   «Сакральный Казахстан. Некрополь Костобе - Мортас»  деген  тамаша  тарихи кітаптармен   толықтырылды. Кәсіпкер өз сөзінде кітапта біз әлі білмейтін, естіп оқымаған қыр-сыры көп. Оны тек кітаппен дос болған адам ғана құпиясын ашып, ғажабын танып біле алады деді. Сонымен қатар,  9 сынып оқушысы Қуатбек  Перизатқа   «Qazaq Aqbas» мерейтойлық арнайы басылымын  тарту етіп, болашағынан зор үміт күттіретін оқушымызға сәттілік тіледі.