Қазақ тілі мен әдебиеті әдістемелік бірлестігі апталығы өтті » «Маяковский атындағы орта мектебі» КММ
Абай облысы білім басқармасының
Жарма ауданы білім бөлімінің
"Маяковский атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
8-723-47-65354
Есепші бөлімі:
8-723-47-65809
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Қазақ тілі мен әдебиеті әдістемелік бірлестігі апталығы өтті
25
февраль
2021

Қазақ тілі мен әдебиеті әдістемелік бірлестігі апталығы өтті

15-29 ақпан аралығында Қазақ тілі мен әдебиеті әдістемелік бірлестігі мұғалімдері «Еркін елдің ертеңі – кемел білім мен ана тілінде» тақырыбында апталығы өтті.

Апталықтың мақсаты: 

- оқушыларды қазақ тілі мен әдебиеті пәнін оқуға қызығушылығын арттыру, елжанды ұрпақты қалыптастыру;

- шығармашылық тапсырмалар орындау арқылы адамгершілікке, ұлтжандылыққа тәрбиелеу;

- өзін-өзі тану пәнін кіріктіріп өткізу;

Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі  А.А. Абдулдинова 5 «Б» сыныбында қазақ тілі пәнінен «Менің Тәуелсіз Қазақстаным» тарауы бойынша нәтиже сабақ өкізді. К.К.Наушабаева  3 «Г» сыныбында қазақ тілі пәнінен «Дина күй шертеді» тақырыбында, С.Г. Аманжолова 4 «В» сыныбында «Сұлулықты сақтайық» тақырыбында,  Г.Е. Калмакбаева 7 «Б» сыныбында қазақ әдебиеті пәнінен «М.Әуезовтың «Көксерек» әңгімесі» тақырыбында онлайн форматында ашық сабақ өткізссе, М.А.Аяпбергенова 11 «Б» сыныбында қазақ тілі пәнінен «Ән құдіреті» тақырыбында, Ж.Ж. Кошербаева 9 «Ә» сыныбында қазақ әдебиеті пәнінен «Ғ. Мүсреповтың «Ұлпан» романындағы Ұлпан бейнесі» тақырыбында, А.Б. Бирликбаева 7 «А» сыныбында «Қ. Қайсеновтың «Жау тылында» повесі» тақырыбында онлайн форматында ашық сабақтар өткізді.

Апталықта барлық сабақтар жоғарғы әдістемелік дайындықпен өткізілді. Ашық сабақта оқушылар әр түрлі қызықты да, шығармашылық тапсырмалар орындап, сабақтарға белсене қатысты.