Ж.Жабаевтың 175 жылдығына арналады » «Маяковский атындағы орта мектебі» КММ
Абай облысы білім басқармасының
Жарма ауданы білім бөлімінің
"Маяковский атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
8-723-47-65354
Есепші бөлімі:
8-723-47-65809
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Ж.Жабаевтың 175 жылдығына арналады
26
февраль
2021

Ж.Жабаевтың 175 жылдығына арналады

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында екі ғасырдың куәсі, аты аңызға айналған ақын, қазақ халық поэзиясының әйгілі тұлғасы, өлең сөздің дүлдүлі, жырау, жыршы Ж.Жабаевтың 175 жылдығына орай өмірі мен шығармашылығын дәріптеу мақсатында «Маяковский атындағы орта мектебі» КММ-де «Ұлы даланың жыршысы» атты бірыңғай күн өткізілді. 

Өлең жырларымен көптеген елге танылып, артына баға жетпес асыл мұра қалдырған жыр алыбы Ж.Жабаевқа арналған  мектеп кітапханасында «Жамбыл және дәуір» көрмесі қойылса, 11 сынып оқушыларымен  тарих пәні мұғалімі С.К.Аязбаева және қазақ тілі пәні мұғалімі Ж.Ж.Көшербаевалар «Өмір жолы» атты  біріккен түрде дөңгелек стол өткізді. Ал ағылшын тілі пәні мұғалімдері Ж.К.Жуаспаева мен А.В.Таймановалар «Field of dreams» атты ақын-шыршыға  арналған интеллектуалдық ойында 8 сынып оқушыларының басын қосса,  9 сынып оқушылары ақынның «Ленинградтық өренім» өлеңін жатқа мәнерлеп оқудан алдарына жан салмады.

Мектеп оқушыларының, қызметкерлерінің және келуші ата-аналардың назарына «Ұлт мақтанышы» атты видеофильм ұсынылды.