Дина Нұрпейісова 160 жыл » «Маяковский атындағы орта мектебі» КММ
Абай облысы білім басқармасының
Жарма ауданы білім бөлімінің
"Маяковский атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
8-723-47-65354
Есепші бөлімі:
8-723-47-65809
Нашар көрушілер
нұсқасы
26
февраль
2021

Дина Нұрпейісова 160 жыл

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай қазақ күй өнерінің алыбы, ұлттық әуеніміздің ұлық өкілі, күй атасы-Құрманғазының төл  шәкірті, ұстазының өнерін өрістетіп, өзі де соңына өскелең ұрпақты ерте білген күйші-композитор «Күй анасы» Дина Нұрпейісованың 160 жыл толуына   «Маяковский атындағы орта мектебі» КММ-де музыка жетекшісі Б.М.Аксакова мен музыка пәні мұғалімі Н.Т.Абильмажиновтың ұйымдастыруымен «Әсем Қоңыр» атты лекция-концерт болып өтті. Лекция-концертке   аудандық мәдениет үйінің қызметкері, «Кәусар» халық ұлт-аспаптар оркестрінің бас домбырашысы, концертмейстері, ҚР мәдениет үздігі Рыспек Жанбота қатысып, Дина Нұрпейісованың «Науай» күйін нақышына келтіре орындап, қатысушыларды күй өнеріне тәнті етті. Оқушылардың дайындаған тақпақтары мен 5 сынып оқушысы А.Қанатпектің орындауындағы  «Келіншек» күйі өз кезегінде күйшіге деген сүйіспеншіліктерінің айғағы бола білді.  

Іс-шара аясында « Ұлы даланың Ұлы күйшісі» бұрышы жасалып, келушілерге таныстырылды.