Аналар мерекесіне арнайы дайындаған таңертеңгілік құттықтаулар » «Маяковский атындағы орта мектебі» КММ
Абай облысы білім басқармасының
Жарма ауданы білім бөлімінің
"Маяковский атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
8-723-47-65354
Есепші бөлімі:
8-723-47-65809
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Аналар мерекесіне арнайы дайындаған таңертеңгілік құттықтаулар
05
март
2021

Аналар мерекесіне арнайы дайындаған таңертеңгілік құттықтаулар

2021 жыл 5 наурыз «Маяковский орта мектебі» КММ-де  ерекше басталды. Таңғы көңіл-күйдің ажарын ашқан  мектеп тәлімгері Г.Н.Шакманованың ұйымдастыруымен «Жас Сарбаз» сыныбының  Аналар мерекесіне  арнайы дайындаған таңертеңгілік  құттықтаулары болатын.

Жылдағы қалыптасқан дәстүр бойынша  Халықаралық әйелдер мерекесіне орай  1-4 сыныптарда «Анама хат», «Письмо маме» бүлдіршіндер аналарына арнап хат жазып, 5-8 сынып оқушыларының «Анама арнаймын», «Посвящаю маме» аналарына арналып жазылған жүрекжарды өлең шумақтарын өз Аналарына жолдаған болатын. 1-11 сыныптарда «Адақты Ана, аяулы Ана», «Ана бақыты-бала бақыты», «Арулар –асыл жандар», «Әлемнің жүрегін сыйладың сен маған...» атты тақырыптық тәрбие сағаттарда  жоғары деңгейде өткізілді.  

Жадыраған көктемнің  шуағымен бірге келген  Аналар мерекесі баршаңызға құтты болсын!