14 наурыз «Амал күні» » «Маяковский атындағы орта мектебі» КММ
Абай облысы білім басқармасының
Жарма ауданы білім бөлімінің
"Маяковский атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
8-723-47-65354
Есепші бөлімі:
8-723-47-65809
Нашар көрушілер
нұсқасы
15
март
2021

14 наурыз «Амал күні»

14 наурыз  «Амал күні» болып белгіленіп, «Маяковский атындағы орта мектебі» КММ-де ерекше көңілмен аталып өтілді.

Тағылымы мол наурыз мерекесі – жаңару мен жаңғырудың, адам мен табиғат арасындағы үндестіктің, келісім мен татулықтың алтын арқауы деп халқымыз қашанда жыл басын ізгі ниетпен, үкілі үмітпен, ақ жарма тілекпен қарсы алады. Бұл күні ата салтына сәйкес, жарасымды ұлттық киімдерін киген ағылшын пәні бірлестігі ұстаздары  ақ пейілдері, тілектерімен барша ұжымды мерекемен құттықтап, ізгі тілектерін айтып, шашуларымен мерекенің бастамасын жасады. Балаларға тәттілер таратылып, әсем ән мен видеороликтер мерекенің ажарын аша түсті.

«Амал күні» құтты болсын!