17 наурыз – «Тарихқа тағзым» күні » «Маяковский атындағы орта мектебі» КММ
Абай облысы білім басқармасының
Жарма ауданы білім бөлімінің
"Маяковский атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
8-723-47-65354
Есепші бөлімі:
8-723-47-65809
Нашар көрушілер
нұсқасы
17
март
2021

17 наурыз – «Тарихқа тағзым» күні

17 наурыз – «Тарихқа тағзым» күніне орай «Маяковский атындағы орта мектебі» КММ-нің тарих пәні бірлестігі ұстаздары  мектепке келушілерге «Тарихын білген халықтың болашағы айқын» тақырыбымен  жаднамалар таратып, видеороликтер көрсетті.   Тәуелсіздіктің 30 жылдығымен байланыстыра жасаған шежірелер тоғысқан  суретті  тақтайшалар    жасалып, мектеп қабырғасынан орын алды. Осы күні 11 сынып оқушыларымен «Алаштың ұлы жаршысы» тақырыбында интеллектуалдық сайыс өткізілді. Топтар өзара «Асық ойнау», «Бәйге», «Сиқырлы ұяшықтар», «Көкпар» кезеңдерінен сүрінбей өтіп, білімдерін ортаға салды. Сайыста озық ойларымен көзге түскен оқушылар марапатталып, зор ықыласқа ие болды. 

Тарихын білмеген ұлттың болашағы бұлыңғыр дегендей, өз тарихымыздың жанашыры болуға шақырамыз.