Дүниежүзілік кітап күніне орай өткізілген іс-шара туралы ақпарат » «Маяковский атындағы орта мектебі» КММ
Абай облысы білім басқармасының
Жарма ауданы білім бөлімінің
"Маяковский атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
8-723-47-65354
Есепші бөлімі:
8-723-47-65809
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Дүниежүзілік кітап күніне орай өткізілген іс-шара туралы ақпарат
23
апрель
2021

Дүниежүзілік кітап күніне орай өткізілген іс-шара туралы ақпарат

«Оқитын мектеп – оқитын ұлт» бағдарламасын басшылыққа ала   отырып, бүгінгі күні кітапханалар – еліміздің болашағы, жастардың ғылым мен білім жолындағы өмірлік құлшынысына айналып отыр.

 «Артық білім кітапта, ерінбей оқып көруге» деп Абай атамыз айтқандай, адам баласы үшін кітап – тілсіз тәрбиеші. Бүгінгі таңда адамзат алдында тұрған басты мақсат – білімді ұрпақ тәрбиелеу.  Дүниежүзілік кітап күніне орай, мектеп кітапханашылары Г.Д.Косаевамен Г.А.Бедиярованың ұйымдастыруымен кітапхананың жас білімді де талантты оқырмандарын анықтау үшін 4 «а» мен 4 «б» сыныптар арасында «Үздік оқырман» сайысы ұйымдастырылды. Кітапхананың үздігі аталуы үшін әр сайыскер 4 кезеңнен өтуі тиіс болды. Ойын шарттары:бірінші «Әр оқырман – бір әлем» (өзін-өзі таныстыру); екінші: «Білгіштер» (сұрақтарға жауап беру); үшінші: «Өнер сайысы» (өлеңді мәнерлеп жатқа айту), төртінші: «Кітап – білім бұлағы» (сүйікті кітабын жарнамалау). Ойыншылар әр қайсысы түрлі номинациялармен марапатталды. Іс-шара «Жүр, досым кітапханаға» атты әніне флешмоб биімен аяқталды. 

Кітап мерекесіне орай «Менің сүйікті кітаптарым» атты көрме жасалды. 

Ұйымдастырылған сайыс оқушыларды оқу мәдениетіне, өз ойын еркін жеткізуге, оқыған әдебиеттермен ой бөлісуге және кітапты қадірлей білуге тәрбиеледі.