«Үздік педагог» байқауы туралы » «Маяковский атындағы орта мектебі» КММ
Абай облысы білім басқармасының
Жарма ауданы білім бөлімінің
"Маяковский атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
8-723-47-65354
Есепші бөлімі:
8-723-47-65809
Нашар көрушілер
нұсқасы
29
апрель
2021

«Үздік педагог» байқауы туралы

 «Үздік педагог» атағын беру қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 16 қаңтардағы №12 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 23 сәуірдегі №157 бұйрығы негізінде  білім беру мекемелерінің пән мұғалімдері арасында ағымдағы жылдың 21 сәуірінде республикалық «Үздік педагог» байқауының  аудандық кезеңі сырттай өткізілді. Байқауға 30 пән мұғалімі қатысып, соңғы бес жыл ішіндегі кәсіби шеберліктері, біліктіліктері, оқытуда тиімді және инновациялық әдістерді қолдану, білім берудегі оқу сапасының динамикасы, педагог қызметінің  нәтижесі сараланып, төмендегідей қорытынды шығарылды:
мектебімізден  қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Г.Е.Калмакбаева қатысып  ІІІ орынды иеленді.Жеңісіңіз құтты болсын.