ШИЕ БАҒЫ » «Маяковский атындағы орта мектебі» КММ
Абай облысы білім басқармасының
Жарма ауданы білім бөлімінің
"Маяковский атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
8-723-47-65354
Есепші бөлімі:
8-723-47-65809
Нашар көрушілер
нұсқасы
30
апрель
2021

ШИЕ БАҒЫ

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай мектеп оқушылары мен ата-аналар, мектеп түлектерінің бірегей ат салысуымен шие көшеттерінің 30 түбі мектеп жанындағы үлескіге отырғызылып, торқалы тойдың атқарылуына өз үлестерін қосты. Іс-шараға  ниет білдірген барлық қатысушылардың ішінде алғашқы  жеміс талдарын мектебіміздің зейнеткер ұстаздары З.С.Дюсупжанова және М.Б.Танекеновалар  салып, мерекенің сәтті де сәнді басталуына ықпалдарын тигізді. Мектеп табалдырғынан 30 жыл бұрын қош айтысып, өмірде өз жолдарын тапқан түлектеріміз бүгінде игі істің басы-қасында болып, шынайы ниеттерін жақсы іспен дәлелдей білді. 

Осы күні  көпшіліктің көңілінен шыққан іс-шараға келушілер тарапынан шынайы ықыластар білдіріліп, «ШИЕ БАҒЫНЫҢ» келер ұрпаққа берер жемісінің мол болатынына сенімдерінің зор екендігін айтты.