Ардагерге мың тағзым .... » «Маяковский атындағы орта мектебі» КММ
Абай облысы білім басқармасының
Жарма ауданы білім бөлімінің
"Маяковский атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
8-723-47-65354
Есепші бөлімі:
8-723-47-65809
Нашар көрушілер
нұсқасы
06
май
2021

Ардагерге мың тағзым ....

Ұлы жеңістің  76 жыл  толуына   және Отан қорғаушылар күні қарсаңында «Маяковский атындағы орта мектебі» КММ-нің «Жас Сарбаздар»  сыныптары  ауданымыздағы Ұлы Отан соғысы ардагері Н.Г. Загидуллин  атаны мерекесімен құттықтап барды.  Қарт майдангердің бір күнін мерекеге айналдыру - сарбаздар үшін   үлкен мәртебе болды десек қателеспеген болар едік. Ардагер алдында  сап түзеген сарбаздардың   ортасында   мектеп директоры Н.М.Садыкова   өзінің жылы лебізін білдіріп,   майдангерді  мерекесімен құттықтады. Өз кезегінде сарбаздар және 3 сынып оқушысы Т.Таширяева «Катюша» әндерін  мерекеге тарту етті. Музыка пәні мұғалімі Н.Абильмажинов  «День Победы»  әнімен  кішігірім шеруді  аяқтады. Соғысты  өз көзімен көріп,  куәсі болған атамыздың бұл күні айтар сөзі көп болса да,  өзін  Жеңіс күні нағыз Батырша ұстап, толқыған көңілімен   сарбаздардарға : «Бейбіт өмірдің  балалары, тәуелсіз елдің  болашағы- сендердің тату да, бірлікте болғандарыңды қалаймын, ел өркендеуіне  өз үлестеріңді қосудан аянбаңдар»,- деп тілек айтып,  алғысын білдірді.

Біздердің жарқын болашағымыз үшін жандарын қиған, жандарына жара салған Аталарымыз бен Аналарымыздың  Ер тұлғалы рухтарына басымызды иеміз. Сіздердің жеңістеріңіз үшін Мың алғыс демекпіз!