«Кітап – біздің отбасылық өмірімізде» атты мерекелік марафон ұйымдастырды » «Маяковский атындағы орта мектебі» КММ
Абай облысы білім басқармасының
Жарма ауданы білім бөлімінің
"Маяковский атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
8-723-47-65354
Есепші бөлімі:
8-723-47-65809
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » «Кітап – біздің отбасылық өмірімізде» атты мерекелік марафон ұйымдастырды
14
май
2021

«Кітап – біздің отбасылық өмірімізде» атты мерекелік марафон ұйымдастырды

Халықаралық отбасы күніне орай 4 сынып ата-аналарының қатысуымен  «Кітап – біздің отбасылық өмірімізде» атты мерекелік марафон ұйымдастырды. Оқуға басшылық жасау, оқу мәдениетін қалыптастыру,  отбасымен бірге кітап оқуды дамыту мақсатында ұйымдастырылған семинарда   ата-аналар өзінің сүйікті кітаптарымен ой бөлісті, пікірлерін ортаға салып, балаларды кітап оқуға қызықтырудың  жолдарын айтты. Өз кезегінде оқушылар ұнаған кітаптарымен бөлісіп, басқа отбасыларға жарнамалады. Мектеп психологы  М.М.Ибраимова қатысушы ата-аналармен психологиялық тренинг жүргізіп,  мерекелік марафон «Кел, досым, кітапханаға» атты флешмобпен аяқталды. Ата –аналар мен оқушыларға естелік сыйлақтар тапсырылып, қосымша «Менің сүйікті кітаптарым» көрмесі көпшілікке ұсынылды.