«Туған жер. Туған ел. Туған глобал» » «Маяковский атындағы орта мектебі» КММ
Абай облысы білім басқармасының
Жарма ауданы білім бөлімінің
"Маяковский атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
8-723-47-65354
Есепші бөлімі:
8-723-47-65809
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » «Туған жер. Туған ел. Туған глобал»
17
май
2021

«Туған жер. Туған ел. Туған глобал»

«Рухани жаңғыру» бағлармасы аясында Шығыс Қазақстан ғылыми –әдістемелік «Дарын» орталығы С. Аманжолов атындағы университетімен бірлесе отырып «Туған жер. Туған ел. Туған глобал» атты облыстық пән олимпиадасы онлайн режимде өткізілді. Олимпиада Қазақстан Республикасының 30 жылдығына арналған. Олимпиаданың мақсаты: білімді, дарынды оқушыларды анықтау, туған еліне деген сүйіспеншіліктерін, өзі тұратын жерінің тарихи-мәдени мұраларын құрмет тұтып, мақтанышпен айтып жеткізуге жетелеу. «Маяковский атындағы орта мектебі» КММ–нің    8 «А» сынып оқушысы Бекбосын Ерзат қатысты. Олимпиада екі кезеңнен тұрды. Бірінші кезеңде – Қазақстан тарихы пәнінен тест онлайн түрде өткізілді. Екінші кезеңде «Қазақстан Тәуелсіздігінің жылнамасы: негізгі жетістіктер» таныстырылымды қорғау. Бекбосын Ерзат «30-жыл бейбітшілік пен жасампаздық кезеңі» тақырыбын қорғады. Ол еліміздің көптеген жетістіктерін айтып қаңа қоймай, өзінің туған ауылының тәуелсіздік жылдарында жеткен жетістіктерін айтып, талдап, қорғап өтті.  Нәтижесінде Бекбосын Ерзат 2-орынға иеленді. Басты қазынам, байлығым, асар асуым деп есептеп, білімнің ең биік шыңдарын бағындырды. Биіктерден көріне беруіне тілектеспіз!