«Сыңғырла, соңғы қоңырау» » «Маяковский атындағы орта мектебі» КММ
Абай облысы білім басқармасының
Жарма ауданы білім бөлімінің
"Маяковский атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
8-723-47-65354
Есепші бөлімі:
8-723-47-65809
Нашар көрушілер
нұсқасы
25
май
2021

«Сыңғырла, соңғы қоңырау»

Болашаққа қол созып, арман қиялына жетелейтін осы бір сәтті биылғы 2021 жылдың түлектері асыға күтсе де, көңіл толқыны әр оқушының жүрегін селт еткізбей қоймады. Бүгін 25 мамыр күні «Маяковский атындағы орта мектебі» КММ-ін 32 түлек бітіріп, соңғы қоңырау үніне құлақ асты. «Сыңғырла, соңғы қоңырау» атты мерекелік іс-шараға әдейілеп Жарма аудандық білім бөлімінің бас маманы М.О.Оспанова келіп, түлектерді мерекелерімен құттықтап, Жарма ауданының әкімі А.А. Нұрғожиннің атынан мектепке алғыс хат табыстады. Мектеп директоры Н.М.Садыкова өз құттықтауында ұжымға шәкірттерерінің құрметі мен махаббатына бөленуді тілесе, тұлымдары желбіреген ұл-қыздарға Ақ жол деп ниетін білдірді.
Шығыстан шыққан күннің нұрына бөленіп өскен мектеп бітіруші түлектерге ертеңгі ел болашағы сендерге аманат дегіміз келеді. Мереке құтты болсын!