«Шапағат» демалыс лагері ашылды » «Маяковский атындағы орта мектебі» КММ
Абай облысы білім басқармасының
Жарма ауданы білім бөлімінің
"Маяковский атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
8-723-47-65354
Есепші бөлімі:
8-723-47-65809
Нашар көрушілер
нұсқасы
01
июнь
2021

«Шапағат» демалыс лагері ашылды

          Маяковский атындағы орта мектебінде жазғы демалысты ұйымдастыру мақсатында бүгін «Шапағат» демалыс лагері ашылды. «Шапағат» жазғы лагерінде  «Достық», «Жұлдыз», «Күншуақ», «Болашақ»  топтары бар. «Үстел үсті ойындары», «Шебер қолдар»,  «Сиқырлы бояулар»,  «Робот әлемі», «Қазыналы Ағылшын» ән, би  үйірмелері жұмыс жасайды.
 Жазғы лагерге 145 бала қабылдап, халықаралық балаларды қорғау күніне мерекелік концерт ұйымдастырдық. Ертеңгілігімізді мектеп директоры Н.М.Садыкова құттықтау сөзімен бастады. Балаларға қонаққа кейіпкерлеріміз Лол мен Фиксик келді.  Балалар ән айтып, би билеп, ойындар ойнап, көңілдерін көтерді.

          Балаларды тәтті балмұздақпен қуантып, қамтамасыз еткен демеушілеріміз Ляйля Нурсапиновна Турлыбекова және   Марал Сериккуловна Турсынгазинаға үлкен рақмет.