«Менің Отаным – Қазақстан» туристік облыстық слеті өткізілді » «Маяковский атындағы орта мектебі» КММ
Абай облысы білім басқармасының
Жарма ауданы білім бөлімінің
"Маяковский атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
8-723-47-65354
Есепші бөлімі:
8-723-47-65809
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » «Менің Отаным – Қазақстан» туристік облыстық слеті өткізілді
01
июнь
2021

«Менің Отаным – Қазақстан» туристік облыстық слеті өткізілді

2021 жылдың 20-21 мамыр аралығында қашықтан «Менің Отаным – Қазақстан» туристік экспедициялық жасақтардың облыстық слеті өткізілді.  
Мақсаты – балалар мен жастардың патриоттық және азаматтық сезімдерін тәрбиелеу, экспедициялық жасақтардың туристік қызметін жандандыру арқылы салауатты өмір салтын насихаттау. 
Слет төмендегідей номинациялар бойынша өткізілді: 
- «Бард әндері» байқауы 
- «Жас өлкетанушы» 
- «Туған өлке соқпақтары» 
- «Ең керемет туристік өлке» 
- «Туған өлкенің тарихы» 
- «Экологиялық соқпақ» 
- «Туризм білімпаздары» 
- «Жорықта зардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсету» 
Облыстық кезеңге Жарма ауданынан 9 оқушы қатысты. 
Нәтижесінде: мектебіміздің 6 сынып оқушысы Айтқұрман Аружан. «Экологиялық соқпақ» номинациясы бойынша II орын алды. Жетекшісі Аязбаева С.К.
Жеңімпаздарды құттықтаймыз!