Негізгі орта білім туралы аттестат беру салтанатты жиын өтті.... » «Маяковский атындағы орта мектебі» КММ
Абай облысы білім басқармасының
Жарма ауданы білім бөлімінің
"Маяковский атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
8-723-47-65354
Есепші бөлімі:
8-723-47-65809
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Негізгі орта білім туралы аттестат беру салтанатты жиын өтті....
09
июнь
2021

Негізгі орта білім туралы аттестат беру салтанатты жиын өтті....

09.06.2021 жыл күні «Маяковский атындағы орта мектебі» КММ-де негізгі орта білім туралы аттестат беру салтанатты жиыны өтті. 

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналып ұйымдастырылған  жиынға   55 түлек  қатысты. Мектеп директоры Н.М.Садыкова 9 сынып оқушыларына ең алғашқы азаматтықтың куәсі болатын, өмірге жолдама - аттестаттарын табыстап, алдағы өмірлеріне сәттілік пен шынайы бақыт тіледі. Бұл күні «Жас Сарбаз» сыныбының алғашқы қарлығаштарына да аттестаттар берілді. Сонымен қатар, білімдерін колледждерде жалғастырамын деген 5 сарбазға «арнайы»  сыныптық сертификаттар табысталды. 

Біз жастарға сенеміз деп ақындар жырлағандай, өскелең ұрпақтың елдігі мен ерлігінің сан мәрте куәсі болатынымызға сенеміз! 

Жарқын болашаққа жолдама-жарқыраған аттестаттарыңызды алуларыңызбен шын жүректен құттықтаймыз!