16 желтоқсан - ҚР Тәуелсіздік күні » «Маяковский атындағы орта мектебі» КММ
Абай облысы білім басқармасының
Жарма ауданы білім бөлімінің
"Маяковский атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
8-723-47-65354
Есепші бөлімі:
8-723-47-65809
Нашар көрушілер
нұсқасы
17
январь
2018

16 желтоқсан - ҚР Тәуелсіздік күні

     Желтоқсан айының 11.12-17.12.17 күндері «Маяковский атындағы орта мектебі» КММ-де ҚР Тәуелсіздік күнін атап өту мақсатында іс-шаралар жоспары жасалып, мереке аталып өтілді. Апта «Тәуелсіздік- тірегім!» атты салтанатты тізілістен басталып, мектеп директоры Н.Садыкова мерекелік құттықтау сөз сөйлеп, тізіліс мерекелік ән шашумен жалғасты.

    Бастауыш сыныптарда «Тәуелсіздік-теңдесі жоқ байлығым!» тақырыбында суреттер сайысы ұйымдастырылып, 14 желтоқсан күні 2-3 сынып оқушыларын Бірыңғай балалар ұйымы «Жас Қыран» қатарына Ант қабылдау рәсімі өткізілді. Жалпы саны 101 оқушы «Жас Қыран» қатарына қабылданды.

    1-11 сыныптар бойынша «Тәуелсіз елім-Қазақстан» тақырыбында ашық сынып сағаттарын өтіп, 9-11 сыныптарда «Тәуелсіз елдің патриотымын» тақырыбында эсселер сайысы өткізілді.

    Мектеп кітапханашыларының ұйымдастыруымен « Тәуелсіздік -тұғырым!» атты 7-8 сыныптар арасында көріністік кеш өтсе, апта соңында «Парасат» балалар ұйымының бастамасымен көпшілікке «Жасай бер,Тәуелсіз Қазақстан!» концерттік бағдарламасы ұсынылды.
 

16 желтоқсан - ҚР Тәуелсіздік күні

 

16 желтоқсан - ҚР Тәуелсіздік күні