«Балақайлар мектебі» » «Маяковский атындағы орта мектебі» КММ
Абай облысы білім басқармасының
Жарма ауданы білім бөлімінің
"Маяковский атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
8-723-47-65354
Есепші бөлімі:
8-723-47-65809
Нашар көрушілер
нұсқасы
16
август
2021

«Балақайлар мектебі»

«Маяковский атындағы орта мектебі» КММ-де  16 тамыз күні "Балақайлар мектебі" мектепалды даярлық курсы өз жұмысын бастады. "Балақайлар мектебі"  тамыз айының 28-не дейін жалғасады. Курстың негізгі мақсаты балалардың қажеттіліктері мен мүмкіндіктерін ескере отырып, мектепалды білім кезеңінде оқу процесін ұйымдастыру. Балалардың жаңа білім беру жағдайында табысты бейімделуін, ойын әрекетінен оқу әрекетіне біртіндеп көшуін қамтамасыз ету.  Курстың негізгі бағыттары мектепте оқу үшін қажетті негізгі дағдыларын қалыптастыру; баланың белсенді сөздігін, логикалық ойлауын, жазу дағдысы мен саусақтарының ұсақ бұлшық еттерін дамыту. Курста оқыту арқылы оқушылардың жүйелі оқуға дайындығын, мектептегі оқуға ауыртпалықсыз енуге мүмкіндік береді.    Осы тізгінді қолға алып, тағы бір мәрте балаларымызды білім нәрімен сусындатып, бүлдіршіндерімізді құшақ жайып қарсы алып отырған ұстаздарымыз, Тажиева Мадина Сакеновна,  Аскап Рыскуль  Ержанқызы және  Қуанышбекова Гүлназ Қуанышбекқызына сәттілік тілейміз!