Қазақстанда Отбасы күні! » «Маяковский атындағы орта мектебі» КММ
Абай облысы білім басқармасының
Жарма ауданы білім бөлімінің
"Маяковский атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
8-723-47-65354
Есепші бөлімі:
8-723-47-65809
Нашар көрушілер
нұсқасы
14
сентябрь
2021

Қазақстанда Отбасы күні!

12 қыркүйек - Отбасы күнін мерекелеу шеңберінде Маяковский атындағы орта мектебі бойынша жоспар жасалып, аталған жоспарға сәйкес іс-шаралар өткізілді.

Қоғамда отбасылық құндылықтарды насихаттау, отбасы мен балалар мүддесіне мемлекеттің саясатын жүзеге асыру, ата-ана мен сынып жетекші, оқушы арасындағы ынтымақтастықты нығайту мақсатында өткізілген іс-шараларда «Керемет әлем – отбасы» кітап көрмесі, «Мен және менің отбасым» атты 2-4 сыныптарда  суреттер көрмесі ұйымдастырылып, үздік сынып сурет көрмелері мектеп әлеуметтік парақшаларына жарияланды. Сонымен қатар, «Менің өмірім-отбасы», «Отбасы-өмірдің сиқырлы белгісі», «Отбасы және отбасылық құндылықтар» атты тақырыптарда 1-11 сынып оқушыларына тәрбие сағаттары өткізілді.

Мектеп психологтары ата-аналармен онлайн форматында балалар мен ата-аналар арасындағы үйлесімді қарым-қатынас және отбасылық қолайсыздықтарын алдын алу мақсатында «Психологические знания - залог успешного воспитания» атты тақырыпта семинар-тренинг өткізіліп, ата-аналар, оқушылар аталған іс-шараларға белсенді қатысып, жақсы әсер алғанын айтып өтті.