«Ұстаз Ұлы есім» атты ұстаздар мерекесі өтті » «Маяковский атындағы орта мектебі» КММ
Абай облысы білім басқармасының
Жарма ауданы білім бөлімінің
"Маяковский атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
8-723-47-65354
Есепші бөлімі:
8-723-47-65809
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » «Ұстаз Ұлы есім» атты ұстаздар мерекесі өтті
04
октябрь
2021

«Ұстаз Ұлы есім» атты ұстаздар мерекесі өтті

«Маяковский атындағы орта мектебі» КММ –де «Ұстаз Ұлы есім» атты
ұстаздар мерекесіне орай 10 күндік аталып өтті. Ұстазды құрметтеу, дәріптеу және қиын кәсіпті игерген мамандық иелеріне алғыс айту мақсатында ұйымдастырылған іс-шараларға ата-аналар, мектеп түлектері, оқушылар белсене қатысып, ауқымды түрде өтуіне ат салысты.
Тақырыпқа сай мектеп дәліздері безендіріліп, «Алғыс бұрышы» және «Аяулы Ұстазыма» атты оқушылардың жеке құттықтау қабырғасы ұйымдастырылды. «Ұстазым менің ұстазым», «Ұстазға құрмет», «Кешегі шәкірт, бүгінгі ұстаз» видеороликтері жасалып ұсынылды. Өз құттықтауларын арнаған мектеп түлектері қатарында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің штаттан тыс кеңесшісі, әлеуметтік кәсіпкер, Қазақстан халқының әлеуметтік осал топтарының өкілдерін жұмысқа орналастыруға көмектесетін Green Tal әлеуметтік семинарының негізін қалаушы және жетекшісі Э.Х.Аскеров, Қазақ-Британ университетінің инженерлік физика және материалтану кафедрасының меңгерушісі Н.М.Томпакова, Елорда «Orda FM» радиосының жүргізушісі, ивент индустиясының кәсіби жүргізушісі Е.Сагимбаевтар бар.
Сондай-ақ, мектеп кітапханашылары атынан «Учитель перед именем твоим...» көрмесі қойылды. Мектеп кәсіподақ кеңесі ұжымы атаулы мерекеде ардагер ұстаздарды кәсіби мейрамдарымен құттықтап, алғыстарын білдірсе, «Ұстазым-ұлағатым» атты «Жас Ұлан» бірыңғай жасөспірімдер ұйымының басшылығымен (жетекшісі А.Б.Иманбаева) 01.10.2021 жыл күні ұстаздар қауымын тамаша көңіл күймен таңертеңгілік қарсы алу салтанаты өтті. Осы күні 9-11 сынып оқушыларының қатысуымен «Ұстаз деген жарқын күні ғаламның» атты өзін-өзі басқару күні өткізілді.
1-11 сыныптарда «Ұрпақ тәрбиесі-ұстаздан» тәрбие сағаттары да назардан тыс қалмады.
Біз- ұстаздан тәлім алған, жақсылықты жақтайтын, адамгершілікті және өзін де, өзгені де жатсынбайтын болашақты өз ісінің хас шеберлерінен алдық десек қателеспейміз.
Ұстазым саған мың алғыс!