«Спорт жұлдыздары» журналының жүлдесі үшін сайыс өтті... » «Маяковский атындағы орта мектебі» КММ
Абай облысы білім басқармасының
Жарма ауданы білім бөлімінің
"Маяковский атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
8-723-47-65354
Есепші бөлімі:
8-723-47-65809
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » «Спорт жұлдыздары» журналының жүлдесі үшін сайыс өтті...
29
октябрь
2021

«Спорт жұлдыздары» журналының жүлдесі үшін сайыс өтті...

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай  Өскемен қаласында  «Спорт жұлдыздары» журналының жүлдесі үшін жас ерекшелік бойынша дене шынықтыру пәні ұстаздары арасында өткен спорттық сайысқа «Маяковский атындағы орта мектебі» КММ-нен  Т.Т.Сапариянов, Н.Қ.Ашиманов, Е.С.Таширяев  қатысып жүлделі орындармен оралды.    

  Жазғы Президенттік көпсайыстан додаға түскен дене шынықтыру пәні мұғалімі Т.Т.Сапариянов ерлер арасында +60 жас аралығында ІІ орынға ие болса, офицер- тәрбиеші   Н.Қ.Ашиманов  40-49 жас аралығында І орын, дене шынықтыру пәні мұғалімі   Е.С.Таширяев шағын футболдан ІІ орынды қанжығаларына байлап, мектеп қоржынын кезекті медальдармен толықтырды. Сондай-ақ «Спорт ардагері», «Үздік дене шынықтыру пәні мұғалімі» төсбелгілерін кеуделеріне тақты. 

Әріптестерімізді  жеңістерімен құттықтаймыз!