«Зерде» республикалық 2-7 сынып оқушылары арасында зерттеу жобалары мен шығармашылық жұмыстар конкурсының аудандық кезеңі өткізілді. » «Маяковский атындағы орта мектебі» КММ
Абай облысы білім басқармасының
Жарма ауданы білім бөлімінің
"Маяковский атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
8-723-47-65354
Есепші бөлімі:
8-723-47-65809
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » «Зерде» республикалық 2-7 сынып оқушылары арасында зерттеу жобалары мен шығармашылық жұмыстар конкурсының аудандық кезеңі өткізілді.
29
октябрь
2021

«Зерде» республикалық 2-7 сынып оқушылары арасында зерттеу жобалары мен шығармашылық жұмыстар конкурсының аудандық кезеңі өткізілді.

2021 жылдың қазан айында «Зерде» республикалық 2-7 сынып оқушылары арасында зерттеу жобалары мен шығармашылық жұмыстар конкурсының аудандық кезеңі өткізілді. «Зерде» республикалық конкурсына Маяковский атындағы орта мектебінен 21 оқушысы қатысып, 13 оқушы жүлделі орындарға ие болды. Олар: 7 сынып Айтқұрман Аружан -2 орын (жетекшісі Аязбаева С.К.), 2 сынып Кани Самгар -2 орын (жетекшісі Балтабаева Р.А.), 6 сынып Жасатай Жазира мен Тұрсын Арай -3 орын (жетекшісі Сулейменова Г.Т.), 5 сынып Ермек Аяла -2 орын (жетекшісі Серікқазы Д.А.), 3 сынып Берикхан Фариза -3 орын (жетекшісі Скрипко Т.Н.), 7 сынып Бекбосын Аружан -2 орын (жетекшісі Омарова Ү.Ж.), 7сынып Назымбеков Нұржан – 3 орын (жетекшісі Мухамеджанова Г.К.), 1 сынып Аманов Даниал -3 орын (жетекшісі Рахимжанова А.Е.), 4 сынып Есенжолова Еркеназ -2 орын (жетекшісі Омарова А.Т.). Мектебімізден облыстық кезеңіне 1-орынмен 4 оқушы жолдама алды. Физика, техника бағыты бойынша 2 «В» сынып оқушысы Айтказин Ерсұлтан «Удивительный загадочный мир космоса» (жетекшісі Балтабаева Р.А.), 4 «Ә» сынып Таширяева Томирис «Екпе дегеніміз не, ол не үшін қажет?» (жетекшісі Толегетаева А.Т.), 7 «В» сынып оқушысы Бритнер Ника «Проблемы бездомных животных» (жетекшісі Тайманова А.В.), 7 «Ә» сынып оқушысы Серікхан Айсана «Жасөспірімдер арасындағы қорқыныш (фобия)» (жетекшісі Ибраимова М.М.) тақырыптарымен. Жеңімпаздарды, мұғалімдерді және ата-аналарды жеңістерімен құттықтаймыз. Облыстық кезеңде оқушыларымызға сәттілік тілейміз!