Жақсылық жасасаң – балаға жаса » «Маяковский атындағы орта мектебі» КММ
Абай облысы білім басқармасының
Жарма ауданы білім бөлімінің
"Маяковский атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
8-723-47-65354
Есепші бөлімі:
8-723-47-65809
Нашар көрушілер
нұсқасы
07
декабрь
2021

Жақсылық жасасаң – балаға жаса

2021 жылдың 6 желтоқсан күні Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30-жылдығы мерейтойы қарсаңында Маяковский атындағы орта мектебіне мектеп түлегі, кәсіпкер Толенгутова Мирбану Николаевна арнай келіп, аз қамтылған, көпбалалы және толық емес отбасыдан шыққан 10 оқушыға көмек жасап, мерекелік көңіл-күй сыйлады. Сонымен қатар, оқушылардың бос уақытын тиімді пайдалану мақсатында М.Н.Толенгутова «Музыканы жүрекпен» үйірме жетекшісі Б.М.Аксаковаға және үйірменің талантты жастарына музыкалық аспап - гитараны сыйға тартты. 
Жақсылық жасасаң – балаға жаса, шын жүректен берілген әр дүние кімнің де болмасын  назарынан тыс қалмайтыны белгілі.  
Жыл сайын көмек қолын ұсынатын сүйіспеншілігі, ақ жүректілігі, мейірбандылығы мен  Аналығы қатар жүретін Мирбану ханымға  ата-аналардың, оқушылардың және мектеп әкімшілігінің айтар алғысы шексіз.