«СПОРТЛАНДИЯ» жарысы өтті » «Маяковский атындағы орта мектебі» КММ
Абай облысы білім басқармасының
Жарма ауданы білім бөлімінің
"Маяковский атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
8-723-47-65354
Есепші бөлімі:
8-723-47-65809
Нашар көрушілер
нұсқасы
14
декабрь
2021

«СПОРТЛАНДИЯ» жарысы өтті

2021 жылғы 7-10 желтоқсанда жалпы орта білім беру мекемелерінің оқушылары арасында «Дене шынықтыру» пәнін танымал ету және беделін арттыру, оқушыларға қазіргі өмірде қажет теориялық білім мен тәжірбиелік дағдыларды жетілдіру мақсатында облыстық «СПОРТЛАНДИЯ» жарысы өтті. Жарыс санитарлық-эпидемиологиялық қауіпсіздік нормалары, дезинфекция режимі сақтала отырып, Zoom қосымшасы арқылы онлайн форматта өтті.
Жарысқа Маяковский атындағы орта мектебінің 7-8 «Жас Сарбаз» сыныптарының оқушылары қатысты. Жарысқа облыстың жалпы білім беретін мектептерінің 120 оқушысы.
Облыстық «Спортландия» жарысы екі топ арасында өткізілді:
1 топ: 5-6 сынып (3 ұл, 2 қыз – бір мектептен);
2 топ: 7-8 сынып (3 ұл, 2 қыз – бір мектептен).
Жарыс бағдарламасы келесідей болды: белтемірге тартылу (ұлдар); кеудеде жатып денені көтеру (қыздар); екпін отыру, екпін жату (ұлдар, қыздар); қол алда классикалық отырып-тұру (қыздар); классикалық қолды бүгу және жазу (ұлдар); баскетбол добын кеудеден себетке лақтыру (ұлдар, қыздар).
Жарыс қорытындысы бойынша 7-8 сынып оқушылары арасында, жалпы командалық есепте І-орын «Маяковский атындағы орта мектебі» КММ-нің құрама командасы иеленді.
Жеңімпаздарды құттықтаймыз!