Ауған соғысы ардагері Н.Ш.Траиспаев жүлдесі үшін дәстүрлі әскери-патриоттық ойындар турнирі өткізілді » «Маяковский атындағы орта мектебі» КММ
Абай облысы білім басқармасының
Жарма ауданы білім бөлімінің
"Маяковский атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
8-723-47-65354
Есепші бөлімі:
8-723-47-65809
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Ауған соғысы ардагері Н.Ш.Траиспаев жүлдесі үшін дәстүрлі әскери-патриоттық ойындар турнирі өткізілді
16
декабрь
2021

Ауған соғысы ардагері Н.Ш.Траиспаев жүлдесі үшін дәстүрлі әскери-патриоттық ойындар турнирі өткізілді

«Маяковский  атындағы орта  мектебі» КММ-де 2021 жылдың 13-16 желтоқсан аралығында 10-11 сыныптар арасында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігің 30 жылдығына арналған, Ауған соғысы  ардагері  Н.Ш.Траиспаев жүлдесі үшін дәстүрлі әскери-патриоттық ойындар турнирі өткізілді. Төрт күнге созылған  бұл жарыста әр команда күш  сайыстырып қоймай, сондай-ақ, нысананы  көздеп ату, қашықтыққа  жүгіру, алысқа  секіру, турникке тартылу,  арқан тартыс  және АӘД  курсы бойынша білімдерін де ортаға салды. Көпшілік назарын аударған   сайыста 10 «Ә» сыныбы  жеңіске жетіп, кубок иеленсе,  11 «А» сыныбы екінші, 10 «Б» сыныбы үшінші орынға ие болды. Жарыс қорытындысына арнайы келген аудан қорғаныс істері бойынша бөлімінің басшысы майор Қарасаев Бекенғали Қарасайұлы  оқушыларға  алдағы өмірлеріне  сәттілік тілеп, еліміздің болашағы – өскелең ұрпақ екенін айтып, ризашылық білдірді.