«Үздік өлкетану сабағы-2021» қашықтан облыстық байқауы өткізілді » «Маяковский атындағы орта мектебі» КММ
Абай облысы білім басқармасының
Жарма ауданы білім бөлімінің
"Маяковский атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
8-723-47-65354
Есепші бөлімі:
8-723-47-65809
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » «Үздік өлкетану сабағы-2021» қашықтан облыстық байқауы өткізілді
28
декабрь
2021

«Үздік өлкетану сабағы-2021» қашықтан облыстық байқауы өткізілді

Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Шығыс» өңірлік орталығы «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру аясында 2021 жылдың 19-27 желтоқсан аралығында «Үздік өлкетану сабағы-2021» қашықтан облыстық байқауы өткізілді. 

Байқаудың мақсаты – өлкетану пәнінің танымалдылығын арттыру мұғалімдердің педагогикалық тәжірибесін қорытындылау және тарату. Байқауға қатысу үшін облыстың жалпы білім беретін мектептерінен Қазақстан тарихы, қазақ тілі мен әдебиеті, география, музыка пәндері бойынша аудандық, қалалық кезеңдердің 42 жеңімпазы тапсырыс берді. 

Ережеге сәйкес байқау қатысушылары сабақ жоспарлары мен Youtube.com сайтында жүктеген сабақтың бейне үзінділерінде туған өлкенің тарихын оқытудағы жаңа әдістер мен тәсілдерді енгізуді көрсетті.  

Әділқазы мүшелерінің шешімі бойынша байқау жүлдегерлері анықталды: «Музыка» пәні бойынша:  ІІ орын мектебіміздің музыка пән мұғалімі – Аксакова Балым Маканқызы алды. 

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының аталым грамоталарымен марапатталды.