Дүниежүзілік сайлау күніне орай арнайы дәріс өтті » «Маяковский атындағы орта мектебі» КММ
Абай облысы білім басқармасының
Жарма ауданы білім бөлімінің
"Маяковский атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
8-723-47-65354
Есепші бөлімі:
8-723-47-65809
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Дүниежүзілік сайлау күніне орай арнайы дәріс өтті
03
февраль
2022

Дүниежүзілік сайлау күніне орай арнайы дәріс өтті

2022 жылы 3 ақпан күні Маяковский атындағы орта мектебінің 11-сынып оқушылары мен жас сайлаушыларға арналған Дүниежүзілік сайлау күніне орай арнайы дәріс өтті. Дәрісті өткізудің басты мақсаты - сайлауды ұйымдастыру және өткізу саласындағы мамандар Дүниежүзілік сайлау күнін белгілей отырып, азаматтардың сайлау құқықтарын қамтамасыз ету және сайлау процестерін жақсарту мәселесіне жұрттың назарын аудару. Дәріс №528 сайлау учаскесінің төрайымы М.А.Аяпбергенова мен хатшысы А.Б.Бирликбаеваның қатысуымен өтті. Баяндама жасаушылар жас сайлаушыларға қоғам санасында демократияландыру процесінің құқықтық негіздері, сайлау заңнамасының конституциялық заңдары, халықаралық принциптер мен стандарттар, сайлау органдары, орталық сайлау комиссиясының құрамы жүйесі мен Қазақстан Республикасы сайлау комиссияларының жүйесі жөнінде кең ақпарат берді. Сондай-ақ, жергілікті Жарма аудандық сайлау комиссия құрамымен таныстырды. Дәріс соңында азаматтық құқықтарын сайлау кезінде қолдану - Конституция заңдары мен талаптарын әрбір жастың санасына сіңіріп қана қоймай, оны іс жүзінде, яғни сайлауда дауыс беру еркіндіктерін тиімді пайдалану құқықтық міндет.