«Ұрпаққа үлгі болған ерлік» атты «Ерлік сабағы» өткізілді » «Маяковский атындағы орта мектебі» КММ
Абай облысы білім басқармасының
Жарма ауданы білім бөлімінің
"Маяковский атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
8-723-47-65354
Есепші бөлімі:
8-723-47-65809
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » «Ұрпаққа үлгі болған ерлік» атты «Ерлік сабағы» өткізілді
14
февраль
2022

«Ұрпаққа үлгі болған ерлік» атты «Ерлік сабағы» өткізілді

2022 жылдың 14 ақпан күні Кеңес  әскерлерінің Ауғанстан жерінен  шығарылғанына 33 жыл  толуына  орай, «Маяковский атындағы  орта  мектебі» КММ-де 7-8 «Жас Сарбаз» сынып оқушыларына  «Ұрпаққа үлгі болған ерлік» атты «Ерлік сабағы» өткізілді. Іс-шараға  Ауғанстан соғысының  ардагерлері Траиспаев Нұрлан Шагибасұлы, Мапетов Құрманай Мухамадиевич, Мукажанов Марат Уанович, №47007 әскери бөлімінің басшысы майор Ержанов Сырым Елубекович, Жарма ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің басшысы майор Қарасаев Бекенғали Қарасайұлы шақырылды.  
      Іс-шара ҚР әнұранымен басталып, мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары  Анаргуль Сергазыевна Ахметкаримова сөз сөйледі. «Жас Сарбаз» сыныбы дайындаған патриоттық өлең жолдары мен ән-шашулары  қонақтардың көңілінен шықты. «Ауғанда қаза болғандарды еске алу» атты бейнероликтер көрсетілді. Жарма ауданы бойынша Ауғанстан соғысының  куәгерлерінің есімдері аталып  өтіліп, сондай-ақ, Ауған  жерінде қаза тапқан және бейбіт өмірде көз жұмғандарды еске алуда 1 минуттық үнсіздік жарияланды. 
     Сонымен қатар салтанатты түрде аталған іс-шарада, Жарма ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің басшысы майор Қарасаев Бекенғали Қарасайұлы мектеп оқушыларына әскерге шақыру учаскесіне тіркеу туралы куәлігін тапсырды.