«ҮЗДІК ПЕДАГОГ - 2022» байқауы өтті » «Маяковский атындағы орта мектебі» КММ
Абай облысы білім басқармасының
Жарма ауданы білім бөлімінің
"Маяковский атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
8-723-47-65354
Есепші бөлімі:
8-723-47-65809
Нашар көрушілер
нұсқасы
18
февраль
2022

«ҮЗДІК ПЕДАГОГ - 2022» байқауы өтті

Шығармашылықпен жұмыс істейтін,   кәсіби тұрғыда өз біліктілігін және шығармашылық потенциалын аша алатын, рухани-адамгершілік қасиеті бар, ақпараттық-коммуникативтік технологияны меңгерген  ұстаздарды анықтау мақсатында «Маяковский атындағы орта мектебі» КММ-де 2022 жылдың 18-ақпан күні   «ҮЗДІК  ПЕДАГОГ -   2022»  байқауы өткізілді. Байқауға әр әдістемелік бірлестіктен еңбек өтілі 5 жылдан жоғары, шығармашылықпен жұмыс жасайтын мұғалімдер қатысты. Байқау 2 кезеңде өткізілді. Байқаудың І сырттай кезеңінде мұғалімдер портфолио, эссе, электронды тасымалдағыштағы 45 минут сабақтың жазбасын ұсынды. Байқаудың ІІ кезеңі мектептің акт залында өткізілді. І бөлімде қатысушылар «Менің кәсіби ұстанымым» тақырыбында өздерінің таныстыруын қорғады. Байқаудың келесі бөлімінде мұғалімдер «Педагогикалық шеберлік тәрбие мен оқыту өнері ретінде»  тақырыбында бейнероликті қорғау. Байқаудың қорытындысы бойынша орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Падалко О.В. – «Зерттеуші мұғалім» номинациясымен, кіші орталық топ тәрбиешісі Каусова А.А. – «Шығармашыл ұстаз» номинациясымен, тарих пәнінің мұғалімі Аканова Ж.С. – «Эрудит мұғалім» номинациясымен, математика пәнінің мұғалімі Нугумарова Л.А. - «Көрермендер көзайымы» номинациясымен марапатталса, жүлделі ІІІ орынды қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Бирликбаева А.Б. иеленді, ІІ орынды орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Набиева Г.К. иеленді, І орынды ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Танатарова Н.К. иеленді және «Үздік педагог – 2022» атағына бастауыш сынып мұғалімі Тажиева Мадина Сакеновна ие болды. Жүлдегерлер мектептің кәсіподақ ұйымының атынан ақшалай сыйлықтармен марапатталды.