«ҮЗДІК ПЕДАГОГ - 2019» байқауы » «Маяковский атындағы орта мектебі» КММ
Абай облысы білім басқармасының
Жарма ауданы білім бөлімінің
"Маяковский атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
8-723-47-65354
Есепші бөлімі:
8-723-47-65809
Нашар көрушілер
нұсқасы
25
февраль
2019

«ҮЗДІК ПЕДАГОГ - 2019» байқауы

Шығармашылықпен жұмыс істейтін,  кәсіби тұрғыда өз біліктілігін және шығармашылық потенциалын аша алатын, рухани-адамгершілік қасиеті бар, ақпараттық-коммуникативтік технологияны меңгерген  ұстаздарды анықтау мақсатында «Маяковский атындағы орта мектебі» КММ-де 2019 жылдың 23-ақпан күні   «ҮЗДІК  ПЕДАГОГ -   2019»  байқауы өткізілді. Байқауға әр әдістемелік бірлестіктен еңбек өтілі 3 жылдан жоғары, шығармашылықпен жұмыс жасайтын мұғалімдер қатысты. Байқау 2 кезеңде өткізілді. Байқаудың І сырттай кезеңінде мұғалімдер портфолио, «Мен – мұғаліммін» тақырыбында эссе, «Білім берудегі менің инновациям» тақырыбында пән бойынша 20 минуттық   бейне – сабақ жазбасын және сабақ әзірлемесін ұсынды. Байқаудың ІІ кезеңі мектептің акт залында өткізілді. І бөлімде қатысушылар «Менің педагогикалық ұстанымым» тақырыбында өздерінің таныстыруын қорғады. Байқаудың келесі бөлімінде мұғалімдер педагогикалық жағдаяттарды шешті. Байқаудық қорытындысы бойынша дене шынықтыру пәні мұғалімі К.Е.Малдыбаева – «Зерттеуші ұстаз» номинациясымен, хореография мұғалімі К.М. Имбаева – «Шығармашыл ұстаз» номинациясымен, өзін-өзі тану пәні мұғалімі А.Ж.Каукарова – «Эрудит ұстаз» номинациясымен, физика пәні мұғалімі Қадылбек Нұржан- «Жаңашыл мұғалім» номинациясымен, бастауыш сынып мұғалімі Г.А. Асаубаева – «Әдіскер – мұғалім» номинациясымен марапатталса, жүлделі ІІІ орынды ағылшын тілі пәні мұғалімі Асхатқызы Аяжан иеленді, ІІ орынды даярлық топ тәрбиешісі С.М.Байгалиева иеленді, І орынды және «Үздік педагог - 2019» атағына қазақ тілі пәні мұғалімі Серикқазы Диляра Нұрлыбековна ие болды. Жүлдегерлер мектептің кәсіподақ ұйымының атынан ақшалай сыйлықтармен марапатталды.