"Жас маман" мектебінің Сәттілік апталығы өткізілді » «Маяковский атындағы орта мектебі» КММ
Абай облысы білім басқармасының
Жарма ауданы білім бөлімінің
"Маяковский атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
8-723-47-65354
Есепші бөлімі:
8-723-47-65809
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » "Жас маман" мектебінің Сәттілік апталығы өткізілді
03
май
2019

"Жас маман" мектебінің Сәттілік апталығы өткізілді

"Жас маман" мектебінің жұмысы

30 сәуір - 3 мамыр аралығында мектепте "Ұстаздың білім-біліктілігі - өз шығармашылығы мен оқушылар жемісінің кепілі" атты "Жас маман" мектебінің Сәттілік апталығы өткізілді. Жас мамандардың кәсіби құзіреттілігін қалыптастыру, педагогикалық мамандыққа қызығушылығын арттыру, шығармашылық бағытта еңбек ететін және теориялық білімдерін жетілдіру мақсатында бекітілген жоспар бойынша он ашық сабак өткізілді. 

Апталықты өткізу барысында келесі міндеттер қойылды:

1. Жас мұғалімдердін өзін-өзі үзбей жетілдіру қажеттілігін қалыптастыру.

2. Оқушыларды білім беру мен тәрбиелеуде жаңа әдістер мен тәсілдерді қолдануын қалыптастыру.

     Апта бойы жас мамандар әртүрлі іс-шаралар өткізді. Оқытушылар өз пәндері бойынша жақсы теориялық білім негіздерін, жеке шығармашылық қабілеттерін, әртүрлі әдістеме мен жұмыс түрлерін білетіндігін көрсете білді.

Ағылшын тілі пән мұғалімдері Танатарова Назерке Канатбековна 7 "Ә" Шығыс ұландар сыныбында "Healthy Habits" тақырыбында, Мамырбекова Асель Айтпекқызы  6 "Б" сыныбында "Means of Transport" тақырыбында, Тайманова Алла Владимировна 3 "В" сыныбында  "Fun Places" тақырыбында және Дузбаева Жибек Бакытнуровна 8 "Б" сыныбында "Professions" тақырыбында ашық сабақтар өткізді. Өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі Каукарова Асель Жениспековна 7"А" сыныбында "Адам жасампаздығы" тақырыбында ашық сабақ өткізді. Математика пән мұгалімдері Ерболат Күнсәуле 5 "А" Шығыс ұландар сыныбында "Шеңбер. Дөнгелек. Дөңгелек сектор" және Ерболат Үмітгүл 5 "Б" сыныбында "Шеңбер. Дөнгелек. Дөңгелек сектор" тақырыптарында ашық сабақтар өткізді. Тарих пәнінің мұгалімі Сапаш Ернат Тыныбекұлы 7 "А" сыныбында "Сарматтар" тақырыбында ашық сабағын өткізді. Дене шынықтыру пән мұғалімі Тюлегетаев Нұржан Дуйсенгазинович 1"Б" сыныбында " Қазақтың ұлттық ойындары" тақырыбында ашық сабақ өткізді және кіші орталық тәрбиешісі Шакиртова Фариза Нурлановна математика және аппликация кіріктірілген сабағында «Пожарная машина из геометрических фигур» тақырыбында ашық сабақ өткізді. 

«Сабақ беру - үйреншікті жай ғана шеберлік емес, ол жаңадан жаңаны табатын өнер» дегендей барлық ашық сабақтар жоғары дайындықты көрсетті. Осы сабақтарға директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары, тәлімгерлер, ӘБ жетекшілері және пән оқытушылары да қатысты

Апталықта жоспарланған жұмыстар уақытында, аса жауапкершілікпен өтті. Әр сабаққа сол сәтте талдау жасалынып, бағасы берілді.