Үздік сынып жетекшісі -2019 » «Маяковский атындағы орта мектебі» КММ
Абай облысы білім басқармасының
Жарма ауданы білім бөлімінің
"Маяковский атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
8-723-47-65354
Есепші бөлімі:
8-723-47-65809
Нашар көрушілер
нұсқасы
06
май
2019

Үздік сынып жетекшісі -2019

Мамыр айының 3 жұлдызында Бірлік орта мектебінің базасында Жарма ауданының білім бөлімінің ұйымдастыруымен «Үздік сынып жетекшісі-2019» сайысы өткізілді.
Шығармашылықпен жұмыс жасайтын үздік сынып жетекшісін анықтау, сынып жетекшілердің тәжірбие алмасуын, кәсіби шеберлігін арттыру мақсатында ұйымдастырылған сайысқа ауданның 24 мектебінен сынып жетекшілері қатысып, бақ сынасты.
Қазіргі қоғамдағы тәрбиенің рөлін арттыруды, тәрбие үдерісін жетілдіру мен тәрбие субъектілерін құзырлығын дамытуды міндет етіп алған қатысушылар әрбір сыннан сүрінбей өтіп, өздерінің үлкен дайындықтарын көрсетті.
Жоғары дәрежеде ұйымдастырылған сайыс қорытындысында «Маяковский атындағы орта мектебі» КММ-нің 7 «Ә» «Шығыс Ұландар» сыныбының жетекшісі Тюлегетаев Ерхат Дуйсенгазыевич жүзден жүйрік шығып, жүлделі І орынды иеленді.
Ерхат Дуйсенгазыевичтің жеңісі құтты болсын дегіміз келеді!