1 мамыр - Қазақстан халқының бірлігі күні » «Маяковский атындағы орта мектебі» КММ
Абай облысы білім басқармасының
Жарма ауданы білім бөлімінің
"Маяковский атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
8-723-47-65354
Есепші бөлімі:
8-723-47-65809
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » 1 мамыр - Қазақстан халқының бірлігі күні
30
апрель
2019

1 мамыр - Қазақстан халқының бірлігі күні

30 сәуір күні мектебімізде Қазақстан халықтарының бірлігі мен ынтымақтастығын ұлықтайтын мереке аталып өтілді. Көпұлтты және ортақ салты мен тарихы бар мемлекетіміздің өзара келісімі- біздің жеріміздегі бейбітшілік пен берекенің бастауы.
болып табылатындығының дәлелі ретінде сыныптарда «Ынтымағымыз жарасқан», ««Береке бастауы бірлік, ел іші тату тірлік» атты тәрбие сағаттары, «Ел бірлігі- ең асыл қасиет» кітаптар көрмесі, «Бірлігімз жарсақан » суреттер көрмесі өткізілсе, 10 «Б» сыныбының ұйымдастыруымен (сынып жетекшісі Ж.С.Аканова) «Бір шаңырақ астында» атты фестивальі болды. Әр ұлттың нақышында киінген 8-11 сыныптың оқушылары сахна төрінде салт-дәстүрді, ұлттық тағамдар мен киімдерді насихаттады.
Мектеп директоры Н.М.Садыкова фестивальге қатысушы сыныптарды мерекемен құттықтап, сөз сөйледі.
Бояуын келтіре орындаған өзге тілдегі әндер мен билер фестивальді қанаттандыра түсті. Бір шаңырақ астындағы әр ұлт өкілдері сахна төрінде бас қосты десек қателеспеген болар едік.
Қазақстан халқының бірлігін нығайту, жастарды достық пен ынтымақтастықта өмір сүруге тәрбиелеуді көздеген басты мақсаты өз мәресіне жетті.