Іс-шара » Страница 29 » «Маяковский атындағы орта мектебі» КММ
Абай облысы білім басқармасының
Жарма ауданы білім бөлімінің
"Маяковский атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
8-723-47-65354
Есепші бөлімі:
8-723-47-65809
Нашар көрушілер
нұсқасы
"Шапағат"жазғы демалыс лагері өз жұмысын бастады
05
июнь
2023
"Шапағат"жазғы демалыс лагері өз жұмысын бастады
"Маяковский атындағы орта мектебі" КММ мектеп жанындағы "Шапағат"жазғы демалыс лагері өз жұмысын бастады. Бүгінгі күні ашылу салтанатына балалар ән салып, би билеп, көтеріңкі көңіл-күймен үйге тарады. ------------------------------------- В КГУ « Средняя школа имени Маяковского" начал свою работу летний пришкольный оздоровительный лагерь "Шапағат". Сегодня  на открытии лагеря дети пели, весело танцевали и в отличном настроении разошлись по домам.
Сапалы білім: стратегия, инновация және тәжірибе" тақырыбында  оффлайн формат
02
июнь
2023
Сапалы білім: стратегия, инновация және тәжірибе" тақырыбында
"Абай облысы білім басқармасы" ММ "Облыстық инновациялық-әдістемелік  орталығы" КММ ұйымдастыруымен  өткізілген " Сапалы білім: стратегия, инновация және тәжірибе" тақырыбында  оффлайн форматында пән мұғалімдері қауымдастығы облыстық жұмысы форумын өткізді. Форум барысында Жарма ауданы,  "Маяковский атындағы орта мектебі"КММ педагог-психологі Тагиева Индира Таваккул-қызы "Педагог-психологтің қызметіндегі жасөспірімдер арасындағы аутодеструктивті мінез-құлықтың алдын алу бойынша проблемалық
Соңғы қоңырау мерекесі өтті
01
июнь
2023
Соңғы қоңырау мерекесі өтті
2023 жылдың 1 маусым күні «Маяковский атындағы орта мектебі» КММ-де Жарма аудандық білім бөлімінің басшысы Шаймұратов Қанат Рымханович және мектептің Қамқоршылық кеңесінің төрайымы Садыкова Жанна Турсынбековна, ардагер ұстаз Касенова Зауре Дармешовнаның қатысуымен Соңғы қоңырау мерекесі өтті. Алғы сөзді мектеп директоры Н.М.Садыкова алып, түлектерге  ақ жол тілеп, алдағы сыннан жоғары білім деңгейін көрсетіп, сүрінбей өтулеріне тілектестік білдірді. 9-11 сынып оқушыларына мақтау қағаздары
«Отанды сүю-жүректен»  атты суреттер байқаулары өткізілді
31
май
2023
«Отанды сүю-жүректен» атты суреттер байқаулары өткізілді
4 маусым-Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күнін мерекелеу қарсаңында мектебімізде 30.05-02.06.2023 жыл 2-5 сыныптар арасында «Отанды сүю-жүректен»  атты суреттер байқаулары өткізілді.
1-11 сынып оқушыларымен тәрбие сағаттары, ата-аналар жиналыстары
31
май
2023
1-11 сынып оқушыларымен тәрбие сағаттары, ата-аналар жиналыстары
Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, оқушылар арасында, оларға қарсы құқық бұзушылықтың алдын алу және жазғы демалыс кезінде қауіпсіздік шараларын жетілдіру мақсатында 29-31мамыр аралғында 1-11 сынып оқушыларымен тәрбие сағаттары және сыныптық ата-аналар жиналыстары өткізіліп, түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
31 мамыр саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні
31
май
2023
31 мамыр саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні
#31mamyrkugyncyrginkuniabaioblysy 31 мамыр саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне орай мектебімізде «Саяси құрбандар», «Қуғын-сүргін құрбандары - Алаш жұртының зиялылары» атты 5-11 сынып оқушыларымен тәрбие сағаттары өтіп, елі үшін жанын берген саяси қуғын-сүргін құрбандарының есімі дәріптелді.
Оқу жылының аяқталуына байланысты дарынды оқушылардың салтанатты шеруі өтті
31
май
2023
Оқу жылының аяқталуына байланысты дарынды оқушылардың салтанатты
30.05.2023 жыл күні мектебімізде 2022-2023 оқу жылының қорытындысы бойынша түрлі пәндік олимпиадалар, ғылыми жобалар, өнер мен спорттық сайыстардың облыстық, республикалық деңгейдегі жеңімпаздары және 1-8,10 сыныптың 112 оқу үздігі топ жарған "Дарынды балалар-ұлт болашағы" атты дарындылар шеруі өтті. Мектебіміздің қамқоршылық кеңесі мүшесі Бопенова Қ.Ө, ұстаздар, ата-аналар қатысқан салтанатты іс-шара мектеп директоры Н.М.Садыкованың құттықтау сөзі мен мақтау қағаздары, алғыс хаттарды
Жас мамандар мектебінің қорытынды отырысы өткізілді
30
май
2023
Жас мамандар мектебінің қорытынды отырысы өткізілді
Маяковский атындағы орта мектебінде "Менің жеке жеңістерім мен жас мұғалім мектебінің жеңістері" атты жас мамандар мектебінің қорытынды отырысы өткізілді. Отырыста тәлімгерлер мен жас мамандардың жыл бойы атқарылған жұмыстары туралы есеп берілді. Ұстаздық жолға қадам басып, өз тәжірибелерін жан-жақты ізденіспен толықтырып жатқан жас мамандарымызға шығармашылық табыс тілейміз!