Ұлыстың ұлы күні-Наурыз мерекесін атап өту іс-шарасы » «Маяковский атындағы орта мектебі» КММ
Абай облысы білім басқармасының
Жарма ауданы білім бөлімінің
"Маяковский атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
8-723-47-65354
Есепші бөлімі:
8-723-47-65809
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Ұлыстың ұлы күні-Наурыз мерекесін атап өту іс-шарасы
26
март
2019

Ұлыстың ұлы күні-Наурыз мерекесін атап өту іс-шарасы

                                                                               «Армысың,  Әз Наурыз!» 
 
«Маяковский атындағы орта мектебі» КММ-де Ұлыстың ұлы күні-Наурыз мерекесін атап өтуге іс-шаралар жоспары жасалды.
 
Іс-шараның мақсаты: оқушыларға Наурыз-жыл басыұлт мейрамы екендігін тарихи маңызын түсіндіруӨз ұлтына деген сүйіспеншілігін арттыруата-анаоқушыұстазжұртшылық өкілдерін ынтымақтастандыруҚазақ халқының салт-дәстүрінтіліндінінәдет-ғұрпын сақтауғақастерлеуге тәрбиелеу болды.
 
  Наурыз мейрамы ежелгі заманнан қалыптасқан жыл бастау мейрамы. Наурыз мейрамы 22 наурыз күні аталып өтіледі. Наурыз парсы, кавказ және түрік халықтарының арасында көктем мейрамы және жаңа жылдың басталуы ретінде тойланады. Халықтың баяғы түсінігі бойынша бұл түні даланы Қыдыр аралайлы. Ұлыс күні қазақ елі үшін әрқашан қасиетті, киелі саналған. Халық таза, жаңа киімдерін киіп бір–бірімен қол алысып, амандасып төс қағыстырып жақсы тілектер айтылады. Мерекеге арнап жеті түрлі дәннен наурыз көже дайындалады.   Дәстүрлі ұлттық ойындар: көкпар, аударыспақ, күрес, қыз қуу, тағы басқа ойындар ойналады. 22 наурыз күні күн мен түн теңеледі. Табиғат та жер ана да, жан-жануарлар да оянады. Ынтымағы жарасқан көп ұлтты еліміздің осы бірлігін құдай ұзағынан сүйіндірген. Әрбір шаңыраққа қыдыр дарып бақ қонсын! Мұлсылман қауымына исламның жеті байлығын тілейміз деген сөздермен   20.03.2019 ж. күні «Армысың, Әз Наурызым!» тақырыбында 9 «Ә» сыныбы жетекшісі   Көшербаева Ж.Ж мерекенің салтанатты ашылу рәсімін жасады. 
 
  Мектеп директоры Н.М.Садыкова барша қауымды атаулы мерекемен құттықтап, жылы лебізін білдірсе, тәрбие ісінің меңгерушісі А.С.Ахметкаримова   іс-шараның жүру тәртібімен   таныстырды.
 
  Әуендете орындалған әндер, нақышына келтіріліп билеген бишілердің тартуы мерекенің ажарын ашты. Сыныптардың жас ерекшеліктеріне ойластыра жасалған жоспар бойынша, әр сыныптың мерекені тойлатуы жоғары дәрежеде аталып өтті. 5 сыныптарға қазақтың ұлттық ойындарын паш етсе, 6 сыныптар ұлттық билерге терең тоқталып, сан қилы би көріністерімен тәнті етті, 7 сыныптар ұлттық сусындардың түрлерінің жасалу жолын түсіндіре отырып, көпшілікке көрсетсе, 8 сыныптар тамаша «Тұсау кесу» дәстүрін  орындады, ал, 9 -10 сыныптар «Бесікке бөлеу», «Балаға ат қою» дәстүрлерін сахналық көрініс ретінде ұсынды. Бастауыш сынып оқушылары жетекшілерімен мерекелік концерттік бағдарламаны  салт-дәстүр мен әдет-ғұрыпты байланыстыра отырып  ата-аналар мен ұстаздарға тарту етті.
 
1-11 сыныптарда «Қош келдің, Әз Наурызым!», «Нұр себеле ұлыстың Ұлы күні» т.б тақырыптарда тәрбие сағаттарын өткізді. 
 
  Наурыз мерекесі жоғары дәрежеде тойланып, есте қалды.