«Мектеп тарихы – менің тарихым» атты конференция өтті » «Маяковский атындағы орта мектебі» КММ
Абай облысы білім басқармасының
Жарма ауданы білім бөлімінің
"Маяковский атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
8-723-47-65354
Есепші бөлімі:
8-723-47-65809
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Мектеп тарихы – менің тарихым» атты конференция өтті
10
апрель
2019

«Мектеп тарихы – менің тарихым» атты конференция өтті

Тұңғыш президентіміз Н.Ә.Назарбаев «Өткенімізді білмей, болашақты болжау қиын» деген еді. Мектеп- болашақ негізін қалыптастыратын, ел мерейін асқақтататын, тұлғалар баптайтын құтты мекен, алтын ұя. Маяковский атындағы орта  мектебі- шәкірттеріне үлкен тәрбие, білім беретін киелі орда.  Мектебіміз- барлығымыздың мақтанышымыз. Алты-ақ әріптен құралған бұл сөздің құдіреттілігі де сонда жатқан болар. Осы орайда, «Ұлы даланың жеті қырының  кез келгені - Қазақ елінің өміріндегі ерекше мұра»  атты тарих, география және өзін-өзі тану пәндерінің апталығы аясында «Мектеп тарихы-менің тарихым» атты конференция өткізілді. Аталмыш конференцияға  7-10 сынып оқушылар арасында 7 оқушы қатысуға ниет білдірді. 
Конференцияның  мақсаты:   жас ұрпақтың өз мектебінің тарихы туралы білімін кеңейту, патриоттық тәрбиесін, шығармашылық және ғылыми қабілеттерін көрсету үшін мүмкіндіктер жасау болып табылды.
Нәтижесінде 1 орынды «Шығыс ұландар сыныбы» атты жұмысымен 7 «Ә» сынып оқушысы –Сейлқанова Гүлзат иеленді. Ал 2 орынды ардагер ұстаз Пятков Владимир Николаевичтің өмірбаянымен таныстырған, 9 «Б» сынып оқушысы–Каниева Малика, жүлделі 3 орынды мектебіміздің ардагер директоры Борибаева Гүльғайша Мухтарбековнаның өмірбаянымен таныстырған 8 «А» сынып оқушысы – Қуатбек Перизат иеленді. Шара соңында барлық жеңімпаздар мақтау қағаздарымен, ал өзге де қатысқан оқушылар  алғыс хаттармен марапатталды.