Ғажайып жаңа жыл !!! » «Маяковский атындағы орта мектебі» КММ
Абай облысы білім басқармасының
Жарма ауданы білім бөлімінің
"Маяковский атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
8-723-47-65354
Есепші бөлімі:
8-723-47-65809
Нашар көрушілер
нұсқасы
27
декабрь
2019

Ғажайып жаңа жыл !!!

      «Маяковский атындағы орта мектебі» КММ-де 25-27 желтоқсан күндері аралығында қуанышқа да, ғажайыпқа да толы «Жаңа жыл» мерекесі аталып өтті.
     Мереке қарсаңында мектеп спорт залы әсем безендіріліп шырша құрылды. Мектептің безендірілуіне және мерекенің өтуіне мектебіміздің жас мұғалімдерінен құрылған шығармашылық топ белсене қатысты. Мерекелік шарада оқушыларға арналған түрлі байқаулар мен ойындар және би жарыстары өтті. Әсіресе, мерекенің басты кейіпкерлері – Аяз ата және Ақшақармен кездесуі қуанышқа бөледі. Сонымен қатар, ертегі кейіпкерлерінің қатысуымен көрсетілген қойылымдарды қызыға тамашалаған оқушылар таңғажайып ертегілер әлеміне енгендей сезімде болды. Балалар уақытын өте қызықты өткізіп, мереке қарсаңында ерекше қуанышқа бөленді.
     9-11 сыныптар арасында жаңа жыл кешіміз Гарри Поттер желісінде жүргізілді. Жоғары сынып оқушылары төрт топқа бөлініп сиқыршылар болып әр түрлі ойын ойнап өз өнерлерін көрсетті. Аяз ата мен Ақшақар кеш соңында бас кейіпкерлер Гарри мен Гермионаны анықтап марапаттады. Мектебіміздің жаңа жылдық мерекесі «өте жақсы» деңгейде өтті.
    Мектебімізде дәстүрге айналған фотоалаңымыз ата –аналардың, оқушылардың көңілінен шығып оң бағасын алды.
      Жаңа 2020 жыл мерекелі, берекелі жыл болсын!